Қазақстан • 17 Шілде, 2018

Сарайшық енді суға кетпейді

586 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ортағасырлық Сарайшық қалашығына енді Жайықтан келер қауіп жоқ. Көне шаһар аумағындағы жағалауды бе­кі­ту жұмыстары аяқталды. Же­ті хан жерленген делінетін қа­сиетті жердің біраз бөлігін Жайық өзені шайып кеткен еді.

Сарайшық енді суға кетпейді

Облыс әкімі Нұрлан Но­ғаев жергілікті қазынадан 1,7 млрд теңге бөліп, қорғаныс бөгетін салуды қолға алды. Екі жылға созылған құрылыс жұ­мыстары да бітті. Биіктігі 3,6 м, ұзындығы 1,5 км бөгет енді Жайық суының ескі қала орнын басуына жол бермейді.

Сарайшық – «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында Атырау облысынан «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасына енген тарихи орын. «Жібек жо­лы бойында орналасқан бұл көне шаһар енді туристік орта­лыққа айналады. 2015 жылы қалашық орнын Жайықтың тасқын суынан сақтап қалу үшін қаражат бөлінді. Қазақстандықтар үшін маңызды мереке Астананың 20 жылдығында жұмыстың аяқталғаны да жақсылықтың нышаны. Мемлекет басшысы еліміздегі киелі орындарға әркез көңіл бөліп келеді. Болашақта туристік орталық салуды жоспарлап отырмыз»,  дейді облыс әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиев.

Енді көне қала орнында қазіргі заманғы талаптарға толық жауап беретін сапар орталығы болады. Кешен туризмнің дамуына да септігін тигізеді деген жоспар бар. 

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ