Аймақтар • 17 Шілде, 2018

Зеленов ауданында жаңа музей ашылды

307 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының орталы­ғында аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылды. Өндірісті өңір, үлкен аудан орталығында бұған дейін ел мен жер тарихын жинақтаған музей үйі болмаған екен. Астананың 20 жылдығына орайлас келген оқиға ауыл тұрғындарының есінде қалатын болды.

Зеленов ауданында жаңа музей ашылды

Екі қабатты еңселі ғимарат­та орналасқан жаңа музей Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаң­­ғыру» бағдарламалық м­ақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында ашылып отыр. Музейде әзірге 300-ге жуық жәдігер қойылған. Бі­рақ ауыл тұрғындарының ыстық ықыласына қарағанда, жәдігер саны еселеп артып, туған жердің тарихы тез тү­генделетін түрі бар сияқты. Тіпті осы музейдің ашылуы­на да ауыл кәсіпкерлері Ба­қыт Неталиева, Бауыржан Сак­­пиреев, Сайра Өмірбаева сын­ды ауылдастар қаржылай үлес қосқан.

Музейде Зеленов ауданы­ның өткен тарихы,  даму жолы, өңірден шыққан тұлғалар туралы толыққанды мәлімет алуға болады. Ғимараттың төменгі қабатында орналасқан бірінші залда – Қазақстан тарихы, ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі ұлт тарихының даму кезеңдері көрініс тапқан. Екінші зал – өлке табиғатына арналған. Үшінші зал – өңір­дің негізгі шаруашылығы – егінге, астықты алқап тыны­сына арналған. Төртінші залда геологиялық материалдар, өңір­де кездесетін табиғи жыныс үлгілері қойылған.

– Музей ғимаратының екін­­ші қабатында көрме залы жұ­мыс істейді. Мұнда аудан­ қол­өнер шеберлерінің, су­ретші, мүсіншілердің жұ­мыс­­­­тары қойылады. Осы жер­­­дегі конференц-залда түр­­­­­лі тақырыптағы ғылыми-прак­­­тикалық конференциялар, семинар-кеңестер өткізу жос­парланған. Біз музейді ғылыми-шығармашылық ор­талыққа айналдырғымыз ке­леді, – дейді музей директоры Нұржан Дүзбатыр.

Музей ғимаратының бір­ бұры­шында Ассамблея ка­би­­­неті де жұмыс істемек. Аудан­да шоғырланған 40-тан­ астам ұлт өкілдері осы зал­да бас қосып, салт-дәстүр, мәде­ниет пен өнер, т.б. бағыт­та жұмыстар жүргізуге мүм­кін­дік алмақ. 

Музейдің алғашқы жұмыс күні мұнда «Өлкетану: өткен­нің ізі – бүгінге бағдар» атты ғылыми конференция өтті. Бұл жиынға өлкетанушы ард­агер Жайсаң Ақбай, Батыс Қазақстан облыстық та­­рих және археология ор­­та­­лы­ғының директоры, тарих ғылым­дарының докторы­ Мұрат Сыдықов, алаш­та­­нушы, тарих ғылым­да­рының кандидаты Дәмет­кен Сүл­ейменова, Батыс Қазақ­стан облыстық мәслиха­тының де­путаты, меценат Ақсерік Әйтімов, тарихшы ғалым Жа­ңабек Жақсығалиев және тағы басқалар қатыс­ты. Ең­бек ардагерлері М.Жұ­­бан­­­дықов, Ф.Яфаров, аудан­дық мәслихат хатшысы Р.Ис­мағұ­лов сөз сөйлеп, музейге сый­ға кітап­тар тарту етті.

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Батыс Қазақстан облысы