Қазақстан • 17 Шілде, 2018

Пайдалы марафон

531 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау минис­тр­­лігінің бастамасымен рес­публика көлемінде өтіп жатқан «Саламатты әдет­тер марафонына» аты­рау­лықтардың да қы­зығу­шылықтары жоғары. Денсаулық сақтап, ұзақ өмір сүруге үндейтін шара бес кезеңнен тұрады: адам ағзасына зияны бар тұзды күнделікті тұтынуды азайту, тәулігіне 2 литр су ішу, 10 000 қадам жаяу жүру, жеміс-жидектер пайдалану, жазатайым жағдайға тап болғанда жасалатын іс-әрекеттерді білу.  

Пайдалы марафон

Қалалық №7 емхана мен Атырау медицина колледжі, саламатты өмір салтын қалып­тас­тыру орталығы бірлесіп ұйым­дастырған марафон медицина қызметкерлерінің флешмобымен басталды. Ретро саябақта жасалған «Денсаулық қалашығында» тұрғындар қан қысымдарын, қандағы қант пен холестерин мөлшерін тегін өлшеуге мүмкіндік алды. 

– Марафон талаптарын әр тұрғын өз деңгейінде жалғас­тырып отыруы керек. 8 қыр­күйекте материалдар рес­пуб­ликаға жолданады. Бар­лық ере­желерді бұлжытпай орын­даған қатысушыларға арнайы сыйлықтар бар, – дейді Саламатты өмір салтын қалыптастыру ор­та­лығының басшысы Алуа Сыралиева.

Пайдасынан зияны көп газды сусындарды, аса тәтті, тым ащы тамақтарды тұтынбай, таза су ішіп, жеміс-жидек пайдаланудың маңызы зор. Марафонның мақ­саты – спортпен шұғылданып, дұрыс тамақтануды әр адамның күнделікті әдетіне айналдырып, өмір сапасын арттыру. Ал атыраулықтардың қандай нәтиже көрсететіні қыркүйекте белгілі болады.

Бақытгүл БАБАШ,
«Егемен Қазақстан»

АТЫРАУ

Соңғы жаңалықтар

Төр Алтайда төрт барыс жүр

Жануарлар • Бүгін, 08:20

Жүз дастанды жаттаған

Өнер • Бүгін, 08:10

Ғылым қарлығаштары

Ғылым • Бүгін, 08:00