Әлем • 19 Шілде, 2018

АҚШ – Ресей: Серіктестіктің соны серпіні

175 реткөрсетілді

Бұдан бұрын хабарлаға­ны­мыздай, осы аптада Хельсин­ки­де АҚШ пен Ресей президент­те­рінің көптен күткен кездесуі өт­ті. Екіжақты саммит­ке бүкіл әлем назар аударып, жи­ын барысында екі ел арасын жақындастыруға қатыс­ты бірқатар мәселелер талқы­лан­ды. Бүгінгі күні АҚШ та, Ресей де Қазақстан үшін стра­те­­гиялық әріптес саналады. Сон­дықтан екі ел басшылары ке­лі­ссөздерінің нәтижесі, екі ел арасындағы байланыстардың алдағы уақытта қалай өрбитіні еліміз үшін де маңызды. Осы орайда, аталған кездесуде тал­қы­ланған мәселелерге көз жү­гір­тіп көрген едік. 

Кездесу белгіленген мер­зімнен кеш басталды. Ұлы­бри­танияның бе­дел­ді басы­лымы The Guardian га­зетінің ха­барлауынша, бұған Вла­ди­­мир Путиннің кешігуі се­беп болған. Кремль басшы­сы 50 минутқа бөгелген кө­рінеді. Басылым мұндай ке­шігу В.Путинге тән екенін, әлем­нің басқа елдерінің басшы­ла­рымен кездесуге де дәл уақы­тында келмегенін жазды. Өз кезегінде АҚШ президенті Дональд Трамп та саммит өтетін жерге кештетіп келіпті.

Қол алысқаннан кейін екі ел бас­­шысы кішігірім пікір алмас­ты. В.Путин сөзінде бұған дейін Д.Трамп­пен бір­не­ше рет тілдескенін, теле­фон ар­қылы сөйлескенін еске са­лып өтті. Ақыры екіжақты қа­рым-қа­ты­нас мә­се­лелері мен әлемнің түк­пір-түк­пі­рін­де­гі түйткілдерді тал­қы­лау­дың қа­жеттігі туындап отыр­ға­­нына тоқ­талды.

Ақ үй басшысы әңгіме ба­ры­сында Ресейді футболдан әлем чемпионатын сәтті өт­кі­зуімен құттықтап, жартылай финал мен финалдық ойындарды тамашалағанын жет­кізді. Сондай-ақ екіжақты кез­десуде сауда-саттық, әске­ри іс-қимылдар, ядролық қа­ру және зымырандар тура­лы, Қытай жөнінде сөз қозғалатынын айтып өтті.

«Ресеймен ынтымақ­­тастық­та бо­лу­дың тиімсіз тұс­та­рына қарағанда тиім­ді тұсы көп. Әлем біздің әріптестік ор­­нат­қанымызды қалайды. Ре­сей мен АҚШ – ядролық арсе­налы үлкен мем­лекеттер. Әлем­дегі ядро­лық қарудың 90 пайызы біз­ге тиесілі. Бұл жа­ғымсыз жағ­дай. Осы мә­се­лені де тал­қы­лау жоспарда бар», деді Д.Трамп.

Бұдан кейін Д.Трамп пен В.Путин жеке-дара әңгі­­ме­лесті. Бұл басқосуға ау­дар­­машылар ғана қатысты. Тіп­­­ті, президенттердің кө­ме­­кшілері де әңгі­ме­ге ара­лас­паған. Бетпе-бет жүз­де­­су аяқ­талғаннан кейін екі та­­рап­тың делегациялары қа­тыс­­қан кең көлемдегі отырыс өтті.

Екіжақты саммит аяқтал­ған соң мем­лекеттер басшыла­ры жур­на­лис­тер­ге арналған бас­пасөз жиынын өткізіп, тал­қыланған мәселелер туралы мәлімдеме жасады.

Алғаш болып сөз алған Ре­сей басшысы Д.Трамппен кезде­су іскерлік жағдайда өткенін атап көрсетті. Оның айтуынша, жиынның маңызы зор әрі тиімді. «Біз Ресей – АҚШ қарым-қатынасының қазіргі жағдайы мен келешегін талқыладық. Екіжақты байланыс бүгінде шиеленісіп тұрғаны бел­гілі. Алайда жағдайдың бұлай ушы­ғуына себеп жоқ», деді Кремль бас­шысы.

В.Путин, сондай-ақ Д.Трамптың АҚШ-тағы 2016 жылғы президенттік сайлауға Ресейдің қатысы бар-жоғын сұрағанын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, Ресей ешқашан шетелдің, АҚШ-тың іш­кі тірлігіне араласпаған. Әсі­ресе, сайлау барысына қа­ты­сы жоқ. Бұдан бөлек, Си­рия­­дағы жағдайды шешіп, гу­ма­­нитарлық кедергілерді жою үшін АҚШ пен Ресей бір­ле­се жұмыс істеуі қажеттігін атап өтті.

Ал Дональд Трамп баспа­сөз жиынындағы сөзінде АҚШ пен Ресей арасындағы на­шар қарым-қатынас «төрт са­ғат бұрын өзгергенін» мә­лім­­деді. Оның пайымдауын­ша, жиын жемісті өтіп, бір­қатар маңызды мәсе­ле­лер тал­қыланған. «Екі мемлекет ара­­сында келіспеушіліктің бар екені бел­гілі. Бүгін прези­де­нт Путинмен бірге оны жан-жақты талқыладық», деді Ақ үй басшысы.

АҚШ президенті өзара қарым-қа­ты­настың нашарлауына екі тарап та кінәлі деп санайды. Осы кездесуден кейін екі ел арасындағы шиеленіс қалпына келуі тиіс деп есептейді. Өйткені саммитте бірқатар мәселелердің беті ашылған. Д.Трамп Ре­сей­дің АҚШ-тағы прези­де­нттік сайлауға араласуы, Иран­ға және ондағы ядролық бағ­дарламаға қарсы қысым көр­се­ту, халықаралық терроризм, яд­ро­лық қаруды таратпау мә­се­лелерін талқылағанын мә­лімдеді.

Жиын аяқтала сала әлем баспасөзі оқиғаны сан-сақ­қа жүгіртіп, түрлі болжамдар жасаған болатын. CNN арнасы Д.Трамптың Ресей пре­зидентімен бетпе-бет кез­де­­суінің астарын былайша жо­ри­ды. Біріншіден, Ақ үй басшы­сы ресейлік әріптесімен же­ке байланысын нығайтуды көз­деуі мүмкін. Екіншіден, өза­ра әңгіме барысында ай­тылған әңгіменің сыртқа тарап кетуінен қауіптенген. Үшін­шіден, В.Путинмен қа­рым-қатынасты жақ­са­ру­ын жақтыра қоймайтын Ақ үй әкім­шілігі өкілдерінің ке­ліс­сөздерге араласуын жөн көр­меу ықтимал.

Д.Трамптың Ресей прези­дентіне айт­қан жылы сөздері АҚШ-та қызу талқыға түсті. Саясаткерлер, конгрес­ші­лер мен шенеуніктер пре­зи­­дентті қат­ты сынға ал­ды. Мә­селен, Орталық бар­­лау бас­қармасының (CIA) бұ­­ры­н­ғы директоры Джон Брен­нан ту­иттердегі парақ­ша­сын­да оқи­ғаға қатысты сыни пі­кірін жа­риялады.

CNN арнасының мәлі­метіне сүйенсек, Мемлекеттік хат­шы Майк Помпео, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джон Болтон, вице-президент Майк Пенс бірқатар лауазымды қызметкерлер мә­селені оңтайлы ше­шу мақ­сатында Ақ үйде шұғыл жина­лыс өткізген.

The Guardian газетінің пайымдауынша, Хельсинкидегі кездесуге В.Путин үлкен дай­ын­дықпен келгенін көрсетіп, әр сөзін абайлап сөйлеген. CNN арнасы да В.Путиннің кез­десуден өзінше ой түйіп кеткенін болжап отыр.

Жалпы, Ресей де, АҚШ та Қазақстан үшін маңызды се­рік­тес мем­­ле­кеттер сана­ла­ды. Америка Құ­ра­ма Шт­ат­­тарымен арадағы ст­ра­­­те­гия­лық қарым-қатынас­тар Ел­ба­сы Нұрсұлтан На­зар­ба­евтың биыл­ғы қаң­тар­да АҚШ-қа сапарынан кей­ін о­дан әрі тереңдей түскені бел­­­гілі. Ресей болса бізбен ежел­­ден «ауылы аралас, қойы қо­­ралас» ел. Арада мәңгілік дос­тық пен одақ­тас­тық тура­лы Декларацияның қабыл­дан­­­ғанына биыл 20 жыл толды. Қыс­қаша айтқанда, екі мем­­лекеттің қай-қайсымен де сая­си және эконо­ми­калық қа­рым-қатынасымыз тамырын те­реңге тартқан. Ендеше ке­ліс­­сөздердің жемісті болуы­ның біз үшін маңызы зор.

Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Cафлор көлемі артып келеді

Аймақтар • Бүгін, 15:30

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Бүгін, 12:08

Қандастарға қамқорлық

Аймақтар • Бүгін, 10:00

Қытай айнасының құпиясы

Аймақтар • Бүгін, 09:55

Өнер қонған өлке

Аймақтар • Бүгін, 09:48

Музей жаңа залдармен толықты

Руханият • Бүгін, 09:20

Тасқа қашалған жыр

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Инфляция ырыққа көне ме?

Экономика • Бүгін, 08:58

Ұқсас жаңалықтар