Өнер • 19 Шілде, 2018

Кәріпбек Күйіков «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығын алды

528 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан суретшісі, АТОМ жобасының Құрметті елшісі Кәріпбек Күйіков 2018 жылғы «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығының лауреаты атанды. Халықаралық қазылар алқасы мүшелерінің шешімі 16 шілдеде «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығы қорының сайтында жарияланған. Сыйлықты тапсыру рәсімі қазан айында Зальцбургте (Аустрия) өтеді.

Кәріпбек Күйіков «Ядросыз болашақ үшін» сыйлығын алды

Кәріпбек Күйіковпен бірге аус­тра­лиялық Джефри Ли және ұлы­бри­та­ниялық Линда Уолкер сыйлыққа лай­ық деп танылған. Тағы екі сый­лықты француз суретшілерінің жұбы Дидье және Полет Ангерге және олардың аустриялық әріптесі Питер Вейшке бұйырған.

«Бұл сыйлық – бүкіл Қазақ­стан­ның еңбегі! Бұл – еліміздің, АТОМ жобасының бастамашысы – Пре­зи­дент Нұрсұлтан Назарбаевтың үл­кен және ауыр жұмысының баға­сы. Республикамыз өзінің жеке үлг­і­сімен ядролық атомды тарат­пау және қарусыздану үшін қалай кү­ре­су қажеттігін көрсетті, сондай-ақ ядролық болашақ үшін немесе оған қарсы шешім қабылдау мәсе­ле­сінде қобалжыған әлемнің басқа мемлекеттері үшін тірек болды», деді К.Күйіков.

АТОМ жобасы – жаһандық ядролық қарусыздану мен қоғамдық дип­ломатия саласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың маңызды бастамасы. Бұл бастама БҰҰ жариялаған Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекеттер күні 2012 жылғы 29 тамызда Астанада «Ядролық сынақ­тар­ға тыйым салудан – ядролық қару­дан азат әлемге» халықаралық конференциясында жарияланған болатын.

Қазіргі уақытта әлемнің 100 елі­нен 300 000-нан аса адам Ядролық сынақ­тар­ға жаппай тыйым салу туралы шарттың (ДВЗЯИ) өз күшіне жедел енуін қамтамасыз ету жөнінде әлем ли­дер­леріне арналған үндеу мен АТОМ жобасының онлайн-петициясына қол қойған.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше