19 Шілде, 2018

Павлодарда металлургтердің мерекесі өтті

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс  орталығындағы мерекеге ERG компаниясының Қостанай облысына қарасты Арқалық, Лисаковск қалаларындағы филиалдарының  жұмысшы-қызметкерлері де қатысты. Металлургтерді кәсіби мерекемен облыс әкімі Болат Бақауов құттықтады.

Павлодарда металлургтердің мерекесі өтті

ERG компаниясы өңір алдындағы әлеуметтік жауапкершілік міндеттерін лайықты орындап келеді. Компания мен облыстық әкімдік арасында жасалған меморандумға сәйкес, жаңа спорт нысандары ашылып, тұрғын үйлер бой көтеруде. Әлеуметтік мәселелерді шешуде бірлесе еңбек етуде.

«Қазақстан алюминийі» АҚ президенті Роман Романовтың айтуынша, «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ кәсіпорындары еліміздегі өндірістің негізі. Жыл басынан бері 750 мың тонна глинозем, 2 миллион тонна боксит, 1 миллион тонна әктас, 127 мың тонна алюминий өндірген.

 Бұл күні «Қазақстан алюминийі» АҚ-ның 50, ал «Қазақстан электролиз зауытының» АҚ-ның 14 жұмысшы-қызметкер, металлургтерінің суреттері Құрмет тақтасына ілінді. Кәсіпорындардың 500-ден астам металлургы марапатталса, көпшілігі  «Ерен еңбегі үшін»,  «Еңбек даңқы», «Кенші даңқы» белгілерін иеленді. Мысалы, Сергей Черных «Үздік бригадир», Елубай Сәкенов «Үздік тәлімгері» атанды.

 Металлургтерді отандық эстрада әншісі Луина, ресейлік Дима Билан құттықтады.

Фарида БЫҚАЙ

«Егемен Қазақстан»

Павлодар