Синоптиктердің болжауынша 20 шілдеде Астанада көшпелі бұлт шыққанымен, жауын жаумайды. Оңтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +30...+32°С.
Сенбі 21 шілде күні де ауа райы құбылмалы болады. Күндіз қысқа мерзімді жауын жауып, найзағай жарқылдауы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 5-10 м/с құрамақ. Сынап бағанасы түнде +17...+19°С, күндіз +27...+29°С көрсетеді.
Ал жексенбі 22 шілдеде ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Түнде және таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 5-10 м/с, кейде 15 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +18...+20°С.