Футбол • 20 Шілде, 2018

Әлемдегі ең ауқатты командалар қайсы?

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қатарынан үш жыл бойы әлемдегі ең ауқатты командалар көшін «Даллас Ковбойс» бастап тұр. Бұл ақпарат «Forbes» журналының арнайы сайтында жарияланды.

Әлемдегі ең ауқатты командалар қайсы?

Бүгінгі таңда АҚШ-тың Ұлттық футбол лигасында өнер көрсететін айтулы команданың құны 4,8 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Екінші орында – «Манчестер Юнайтед». Англияның Премьер-лигасында өнер көрсететін даңқты футбол клубы 4,1 миллиардқа бағалануда. Үшінші орында – Мадридтің «Реалы». Испанияның әйгілі командасының құны – 4,09 миллиард доллар. Сондай-ақ, ең үздік клубтар қатарына мыналар еніп отыр:

4.  «Барселона» (футбол, 4,06 миллиард),

5. «Нью-Йорк Янкиз» (бейсбол, 4 миллиард);

6. «Нью-Ингланд Пэтриотс» (америкалық футбол, 3,7 миллиард),

7. «Нью-Йорк Никс» (баскетбол, 3,6 миллиард),

8-9. «Лос-Анджелес Лейкерс» (баскетбол, 3,3 миллиард) пен «Нью-Йорк Джайентс» (америкалық футбол, 3,3 миллиард).

10-11. «Голден Стэйт Уорриорз» (баскетбол, 3,1 миллиард) пен «Вашингтон Редскинс» (америкалық футбол, 3,1 миллиард).

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»