Ұлттық спорт • 24 Шілде, 2018

Жарма аудан­ындағы ардагерлер асық атудан сайысқа түсті

1209 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудандық ардагерлер үйінде аға буын өкілдері арасында халқымыздың көнеден келе жатқан асық ату, бес тас сынды ұлттық ойын түрле­рінен жарыс өтті. 

Жарма аудан­ындағы ардагерлер асық атудан сайысқа түсті

Жарма аудан­дық ішкі саясат бөлімі мен Ардагерлер үйі бірлесе ұйымдастырған сайысқа Қал­ба өңірінің ауылдарынан келген қария­лар қатысты. «Біз ұлттық құн­дылықтарымыз ұмы­тылмаса, асық ату, бес тас сынды көне спорт түрлері жастар арасында насихатталса дейміз. Біле білсек, асық ойынының пайдасы өте зор. Асық ату балаларды мер­гендікке, ептілікке баулиды», дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлыбек Есполов.

Жас кезінде асықты көп ойнаған, қа­рия­лар ара­сын­дағы ойын тар­тыс­қа толы болды. Жа­рыс қо­ры­тындысында ауыл­дық округ­терден келген ардагерлер арасында асық атудан 1-орынды Се­рік­­бай Қалиев (Шалабай ауылы), 2-орынды Амангелді Нұрғалиев (Ор­табұлақ ауы­лы), 3-орынды Қайыртай Құрманғалиев (Бір­лікшіл округі) пен Төлеубек Қа­сенов (Қалбатау ауылы) иеленді. Бес тас ойынын­да 1-орынды Рысқайша Ораз­баева (Қы­зылағаш ауылы), 2-орынды Райса Бекқасымова, 3-орынды Жұмабақыт Рах­метова (екеуі де Қалбатау ауы­лы) еншіледі.

 

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Жарма ауданы,

Қалбатау ауылы