Аймақтар • 26 Шілде, 2018

Қостанай облысында кеншілер тамақтан уланып қалды

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Лисаков қаласында  Краснооктябрь боксит басқармасының жергілікті асханадан түстік тамақ ішкен 37 жұмысшысы уланып қалды.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, медициналық көмекке 37 адам жүгінген, соның 26-ы ауруханаға жатқызылған. 

Қостанай облысында кеншілер тамақтан уланып қалды

«Жұмысшылар  орта ауырлықта уланған, олардың өміріне қазір қауіп жоқ, барлығы ем  алып жатыр. Асханада дайындалған түстік тамақтан уланған, жағдай бақылауда ұсталып отыр, зардап шеккендерге барлық қызмет ұйымдастырылды» деп хабарлайды  облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Екатерина Слободенюк.

Орын алған жағдайды облыстық қоғамдық денсаулық қорғау  департаментіндегілер де бақылауда ұстап отыр. Департаменттің мамандары Лисаков қаласындағы оқиға басына жетті.Төтенше жағдай туралы  қоғамдық денсаулық департаментінің ықзметкерлері алдағы күндері баспасөз мәслихатын өткізетінін хабарлады.

Нәзира Жәрімбет

«Егемен Қазақстан»

Қостанай