Күрес • 28 Шілде, 2018

Дзюдошы Отгонцецэг Галбадрах Хорватияда өткен Гран-При турнирінде олжалы болды

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық дзюдошы Отгонцецэг Галбадрах Хорватияның Загреб қаласында өткен Гран-При турнирінде қола медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Дзюдошы Отгонцецэг Галбадрах Хорватияда өткен Гран-При турнирінде олжалы болды

48 келі салмақ дәрежесінде қола медаль үшін сынға түскен отандасымыз италиялық дзюдошы Франческу Миланиді жеңіп, жүлделі үшінші орыннан көрінді.

Айта кетейік, бірінші айналымда Отгонцецэг италиялық Франческу Джорданы тізе бүктірді. Екінші кезеңде англиялық Келли Стэдтонан басымдығын танытты. Алайда ширек финалда украиналық Дарья Белодедтен айласын асыра алмады. Жұбаныш белдесуінде Израиль спортшысы Ноа Минскерді жеңген соң, италиялық Франческо Минскермен қола үшін белдесті және мақсатына жетті.