Қазақстан • 30 Шілде, 2018

Сандық жүйедегі болашақтың экономикасы

1287 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Болашақтың экономикасы: Қазақстанның қаржы нарығын сандық жүйеге көшіру» тақырыбындағы конференция барысында еліміздегі шағын несиелеу саласының өзекті мәселелері талқыланды. Онда қаржы саласының мамандары сандық жүйедегі болашақтың экономикасы: оның келешегі мен даму барысына қатысты деректермен бөлісті.

Сандық жүйедегі болашақтың экономикасы

Шағын несие беру саласы қарқынмен дамып келе жатқан қаржы институты ретінде еліміз ғана емес жаһандық өзгерістерді жылдам игерумен қатар «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асуына барынша ықпал етіп келеді. Осындай пікірлерін ортаға салған қаржы секторының мамандары саланың заманауи мүмкіндіктерін игеруде сандық технологиялардың жетістіктерін атап өтті.

Қазақстанда ID Finance қаржылық технология тобының негізін қалаушылардың бірі Б. Батин, «Solva» шағын несиелеу ұйымының бас директоры М.Бекжанов, «Подпиши. Онлайн» бас директоры О. Құндақбаев, «Mintos» (Латвия) инвестициялық платформасын ұсынушы П. Микельсон Қазақстандағы қаржы нарығы, оның ішінде банк жүйесі, шағын несиемен қамтамасыз етудегі сандық жүйенің басымдықтарына тоқталып, тұтынушылардың мүддесі, шағын несие алудағы өтініштерін онлайн қарастырудың жаңа мүмкіндіктері туралы баяндады. 

Қазақстандағы алғашқы шағын несиелеуді сандық жүйеде жүзеге асырудың тиімділігімен бөліскен сарапшы мамандар қазіргі кезде еліміздің көптеген аймақтарында онлайн қызметтерге сұраныстың артып келе жатқандығын жеткізді.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ