
Сонымен қатар депутаттар Бірлік ауылдық округінде болып, ауылдық тыныс тіршілігімен танысты. Халық қалаулылары бастаған топ құрылысы биыл қаңтар айында аяқталатын ауыз су станциясында болды. Жоба құны 208 миллион теңге болатын аталмыш құрылыс «Ақ бұлақ» бағдарламасымен салынған болатын.
Бұдан кейін Сенат депутаттары Бірлік ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, халықтың мазалап жүрген сұрақтарына жауап беріп. Ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Мінберге көтерілген Н. Төреғалиев Парламентте атқарылып жатырған қызметтер мен қабылданып жатырған заңдар туралы қысқаша баяндаса, Е. Мұқаев Сенат қызметі туралы сөз қозғай отырып, облыста атқарылып жатырған игі істерді республикамен салыстыра баяндап берді.