21 Желтоқсан, 2011

Құрбым қапыда қаза болды

501 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бұзақылардың әрекеттері әлі есімнен кетер емес. Әлі өзіме-өзім келе алмай жүрмін. Мен тірі қалдым. Жанар Әбдіқадырова деген құр­бым қапыда мерт болды. 16 желтоқ­сан күні ойымызда ештеңе жоқ мереке тамашалауға шыққан­быз. Адамдар да көңілді. Қала кө­ше­лері де кө­рікті еді. У-шу, апыр-топыр басталып кетті. Тас лақтыру, ұрып-соғумен қа­тар мыл­тық атыл­ды. Әңгімелесіп қа­тар келе жат­қан құрбым тамағын ұс­тап құлап түс­ті. Тастап кетпедім. Жа­ғала­са жүріп қолымнан келген көме­гім­ді көрсет­тім. Арқалағандай бо­лып, та­ныс­тар кезігіп ауруханаға әкел­дік. Қол­дан келгеннің бәрін жа­са­дық. Бі­рақ жап-жас құр­бымның өмірін сақ­тап қала алмадық. Ең қиыны оның шиеттей төрт баласы бар еді жетім қалды. Күйеуі ауырып басқа жақта жүрген еді. Бұдан артық қасірет болар ма? Соларды осындай күйге түсірген жастарда иман бар деуге ауыз бар­май­ды. Бұл бір ғана оқиға. Ал ауру­хана­мыз­да оқ тиіп, тас тиіп, басы жары­лып, өкпесі тесіліп өлімші болып жат­қан жап-жас ба­ла­ларды көргенім­де жаным қина­ла­ды. Керемет өміріміздің шырқын бұзған қыл­мыс­керлер тиісті жазасын алады ғой деп ойлаймын. Әттең құрбым­ның орны толар ма? Жетім қалғандар қайтіп күн көреді? Ұ.АЙМҰХАНОВА, Жаңаөзен қалалық ауруханасының медбикесі.