21 Желтоқсан, 2011

Сабырлылық керек

380 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Өте бір қолайсыз, өкініші мол жағдайлар болғанда сүйе­гі­мізге дақ келді деуші еді ба­ба­ларымыз. Кешегі Жаңа­өзен­де болған жағдай дәл осындай әсерге қалдырып отыр. Ғасыр­лар бойы аңсаған тәуелсіз­ді­гіміздің 20 жылдығында бұлай болады деп кім ойлаған? Бүкіл әлемге паш еткен Қазақ елінің бірлігі мен тыныштығына дақ түсіп отыр. Ұят жағдай. Билік басындағы шенеуніктерге өк­пелесек те, мына жиырма жыл­дық ұлы мереке күні халқымыздың мерейлі шырқын бұзбайық деген Жаңа­өзен­дегі басбұзарлардың ойы­на келмеді. Оған олардың ақылы жетпеді. Осы­ның салдарынан қазақ қазаққа қол жұм­сады, оқ атты, қан төгілді. Заман­ға, елге, әрқай­сы­мыз­ға өте өкінішті оқиға. Осы қанды оқиғаның аран­да­ту­шылары бар деп жатыр. Болса болар, оларды іздеп табу керек, атын атап, түсін түстеп халыққа жария ету керек. Тиісті жа­за­сын да беру қажет. Дегенмен, жаңа­­өзен­діктер осын­дай аран­да­туға неге түсіп қал­ды, себебі неде? Ол да анықталуы тиіс. Ақпаратқа сенсек, бес жүздей мұнай­шы­лар жеті ай бойы ереуілге шығып, алаң­да жүр. Әртүрлі компания, министрлік бас­шы­ларымен жүргізіл­ген келіссө­з­дер мұ­най­­шыларды қа­нағат­тан­дыр­ма­ды. Жаңа­өзен­­д­ік­тер­дің аран­датуға түсіп қал­ған­­дар­ы­ның бір себебі осы дер едім. Тәуелсіздіктің алғашқы жыл­дарында мәртебелі Елбасыға: «Құр­метті Нұреке! Сізге халық екі-ақ міндет артады. Біріншісі – Қазақ елінің жүрер жолын анықтап, сол ба­ғытпен жүруді бақылап отыру. Екіншісі – ешкім есімін білмейтін Қа­зақ елін әлемге таныстырып, әлем өр­кениетіне жетелеу. Осыны орын­да­саңыз халқымыз Сізге дән риза. Ал енді өз елімізде қара қазанды қайна­тып, елінің мұң-мұқтажын көзбен көріп, оны түзеп отыратын үкімет емес пе. Оның басшысы Қажыгелдин кабинетінен шықпай­ды, елдің жан айқайымен шаруасы жоқ», деген пікір айтып едім. Құдайға шүкір, Президент өз мін­детін атқарып-ақ келе жатыр. Ал үкіметке жо­ға­рыда айтқан пікірімді қайталап, елдегі, әрбір өңірлердегі тұр­мыс, әл-ауқат, көңіл-күй мәсе­ле­лері­не ерекше көңіл бөліп отыру керек дер едім. Еліне жаны аши­тын, тә­жі­рибесі мол бір азамат үкімет бас­шы­сы­ның орынба­са­ры ретінде әлеу­­мет­тік салаға жетекші еткені де дұрыс сияқты. Жаңаөзендік ағайындар! Сіздерді сабырлылыққа шақыра­мын. Жал­ғыз емессіздер, ел болып мұ­най­шы­лар талабының дұрыс шешілуіне бүгінгі күні көзін тігіп отыр. Үкімет те тиісті шаралар ойлас­тыруда. Елбасы тікелей ба­қы­лауына алған шаруаның қай-қай­сысы да шешілетінін халқымыз жақ­сы біледі. Сіздер де осылай бо­ларына сеніңіздер. Кенжеғали САҒАДИЕВ, академик.