Білім • 06 Тамыз, 2018

Озат оқушылар – озық білім ордасында

127 реткөрсетілді

Назарбаев орталығында мектеп оқу­шылары арасында көлік саласын­да­ғы республикалық кон­курстың фи­нал­дық ірік­теуі өтті. 

Көлік саласына­ қызы­ғушылықты артты­ру мақсатында қолға алын­ған жаңа жоба  білімді те­реңдету, сонымен қатар оқу­шылардың мамандықты саналы түрде таңдауына ықпал етеді. Конкурстың ерекшелігі, жеңімпаз атан­ған озат оқушылар Ұлы­британияның Крэнфилд университетінің аэрокосмос мектебіне та­ғылымдамадан өтуге ба­рады. Конкурстың қа­тысушылары негізінен барлық облыс­тың жалпы білім беру мектептерінің 16 мен 18 жас аралығындағы оқушылары.

Өңірлік ірік­теу турларын облыс әкім­­діктері мен Астана, Ал­маты және Шым­кент қа­ла­ларының әкімдіктері ұйымдастырған. Олар­дың ішінен бүгінде финалдық іріктеу кезеңіне 85 адам өтіп отыр. Әр команда 4 оқушыдан және 1 команда жетекшісінен тұ­рады. Финалдық ірік­теу турын Крэнфилд уни­­верситетінің өкілдері өт­кізбек. Финал­дық ірік­теу қоры­тындысы бо­йынша 40 оқу­шы оқу-та­нымдық сапарға жі­беріледі.

Комиссия мүше­лері қатысушыларды шы­ғар­­машылық ойы жә­не ұсыныстың тиімді­лігі, ­ағылшын тілін қол­да­нуы және берілген тап­сырмаларға дұрыс жауап беруі бойынша бағалап отыр. 

Бұл шараға Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры ат­қарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов, Әділет вице-министрі Наталья Пан, Ұлыбританияның Қазақ­стан­дағы елшісі Майкл Джон Гиффорд және  Назарбаев университеттің вице-президенті Ерден Құсайын қатысты. Сондай-ақ мектеп оқушылары үшін та­­быс тарихы туралы және авиатранспорт инженері мамандығы туралы «Эйр Астана» өкілдері Мұхамеджан Мұстафин және техникалық қызмет көрсету бойынша аға менеджер Руслан Шаяхметов лекция­лар оқыды. Өз кезектерінде Крэнфилд уни­верситетінің аэрокосмос мектебінің өкілдері Ян Хол­лин­гворт аэрокосмос динамикасының әлемі туралы, Фрэнк Юкэс  ұшақтарды модельдеу туралы, лейтенант-полковник Эндрю Хоултон  тікұшақ операциялары туралы әңгімелеп берді. 

«Аталған конкурс бала­ларға техникалық маман­дық­тарды дұрыс таңдауға, ағылшын тілінің деңгейін арттыруға көмектеседі, сондай-ақ әлемнің үздік аэрокосмос мек­тебіне ба­ру­ға мүмкіндік береді. Біздің мін­детіміз – жас өнертапқыштарға қолдау көрсету», дейді Тұңғыш Президент – Елбасы Қоры атқарушы директорының орынбасары Сұлтан Айтжанов.

Айта кетуіміз керек, ауқымды шараға «Эйр Ас­тана» ұлттық тасымалдаушы және «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры серіктес болып отыр. 

Мирас АСАН,

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Бірге барайық: Тегін тігін курсы

Қазақстан • Бүгін, 16:11

Рамазан айы 6 мамырда басталады

Қазақстан • Бүгін, 15:10

Жайбарақаттық жарға жықты

Қоғам • Бүгін, 10:34

Екі тал үкі

Бүгін, 10:26

Жастар театрының сәтті сапары

Руханият • Бүгін, 10:20

Áke kerek... uldarǵa

Қоғам • Бүгін, 10:10

Трансплантолог

Медицина • Бүгін, 09:54

Ұқсас жаңалықтар