Қазақстан • 06 Тамыз, 2018

Жазғы демалыс жан сергітеді

1666 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Әне-міне дегенше оқу жылының басталуына да аз уақыт қалды. Жаз мезгілінің екі айы зымырап өте шықты. Әсіресе бұл мезгілдің мектеп оқушылары үшін қызықты болатыны сөзсіз. Жаз бойы тыныққан балалар жаңа оқу жылында да білім бәсекесіне дайын болады. Сапалы білім алып, оны кәдеге жаратуға ұмтылады.  

Жазғы демалыс жан сергітеді

Талас ауданына қарасты «Жұрындысай» мемлекеттік сауықтыру орны бар. Мұнда жыл сайын жүздеген бала келіп демалып, жаз маусымын ойдағыдай өткізеді. Аталған лагерь 100 орындық асханамен, 5 шағын жатақханамен қамтылған. Келушілерге арналған бассейнмен қатар, бірнеше душ та бар. Ал мұндағы ашық алаңқай спорттық жаттығулар жасауға қолайлы. Бұл жердегі тұнық табиғаттың кереметі сол, сылдырап аққан тау бұлағы, сол таудан ескен самал жел жан жадыратады. «Жұрындысай» лагерінің жоғары деңгейде жұмыс атқаруына аудан әкімі Досмаханбет Әлиев әрдайым қолдау білдіріп келеді.

Жуырда қарт Қаратаудың қойнауындағы «Жұрындысай» лагерінде 100 баланың қаты­суымен өнер сағаты өтті. Мұнда үшінші ауысымда 12 күн бойы демалған бүлдіршіндердің жүзінен қуаныш лебін аңғару қиын емес еді. Бір ғажабы, осында жиналған балалардың бар­лығы да өнерлі екен. Бірі оқу озаты, бірі әнші, бірі көркемсөз оқудан байқау жеңімпазы, бірі еркін күрестен облыстық бәсекеде жүлдегер, бірі биші. Лагерьде өткен өнер сағатының ерекшелігі де осында болса керек. Бұл ретте балалардың да тәрбиеші ағайлар мен апай­ларға деген ризалығы шексіз. Кеуделерін мақтаныш сезімі кернеген балалар мұнда «Неп­тун түні» шарасының куәсі болғандарын, сондай-ақ футбол, асық ату, волейбол, жүгіру, секіру сияқты ойын түрлеріне қатысқандарын жарыса айтты. Әрі олар мұнда көп дос тапқан. Еліміздің болашағы саналатын бүлдіршіндердің тәтті тілектеріне сүйсінбеске болмайды.

Тарихы сонау 1965 жылдан бастау алатын бұл лагерьді Дар­хан Бәйімбетов деген азамат басқарады екен. Ол осы уа­қытқа дейін 300 оқушы дема­лып қайтқанын, енді балалар үшін төртінші маусым бастал­атынын жеткізді. Елу жылдан ас­там уақыттан бері жұмыс іс­теп келе жатқан демалыс ор­ны бір кезде жекеменшікке са­ты­­лып кетейін деп тұрған же­рінен Рүстем Сең­гірбаев деген азаматтың ара­ласуымен аман қа­л­ған. Енді мі­не, тарихы те­рең Талас жерінде ба­лаларға қуа­­­­ныш сыйлап келе жатқан «Жұ­­рындысай» лагері әлі де ел бо­­л­а­шағына қызмет көрсете бер­мек.

Хамит Есаман,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы