Аймақтар • 07 Тамыз, 2018

Биыл «Семей-Қайнар» жолын жөндеу жоспарда жоқ

426 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Жуырда газетімізде «Жырға айналған «Семей-Қайнар жолы» атты сын мақала жарық көрген еді («ЕҚ», №144, 1 тамыз, 2018 жыл). Мақалада көтерілген мәселеге орай редакциямызға Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен жауап келді. Тиісті ведомствоның түсіндірмесінде төмендегідей ақпарат берілген. Бүгінгі таңда, елімізде заманауи және сапалы автожол желісі мен инфрақұрылымды құруға бағытталған саясат жүргізілуде. 

Биыл «Семей-Қайнар» жолын жөндеу жоспарда жоқ

Осы мақсатта, 2015 жылдан бері автомобиль жолдарын са­лу және реконструкциялау жұ­мыс­тарын қарқынды дамытуды көздейтін «Нұрлы жол» мем­лекеттік инфрақұрылымды дамы­ту бағдарламасы жүзеге асыры­луда. Аталған мемлекеттік бағ­дар­лама аясында Шығыс Қа­зақ­стан облысының автожолдарын дамытуға бағытталған ауқым­ды жобалар іске асырылып келеді. Атап айтар болсақ, рес­­пуб­ликалық желінің негізгі дәліздері болып табылатын «Қалбатау – Майқапшағай» (415 км), «Таскескен – Бақты» (20 км), «Павлодар – Семей – Қалбатау» (125 км), «Осин асуы» (32 км), «Талдықорған – Өскемен» (449 км) бағыттарындағы автожолдарды реконструкциялау жобалары жүзеге асырылуда.
Биыл Шығыс Қазақстан облы­сының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту және жөндеу жұмыстарына 34,7 млрд теңге көлемінде қара­жат бөлінді, соның ішінде 27,1 млрд теңге республикалық ма­ңы­зы бар автожолдарға және 7,6 млрд теңге жергілікті ма­ңыз­­­дағы автожолдарға бағыт­талған. Аталған жобалар аяқ­тал­­ғаннан кейін Шығыс өңі­рі­нің тұрғындарын облыс орталық­тармен және маңызды әкімшілік орталықтармен байланыстыратын сапалы автомобиль жолдарымен қамтамасыз етуге толық мүмкіндік болады.
Жоғарыда аталған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарлама­сында «Семей-Қайнар» автомобиль жолын реконструк­циялау жұмыстары қарастырыл­маған. Сол себепті, «Семей-Қай­нар» автомобиль жолының техни­калық жай-күйі жыл сайынғы бөлі­нетін қаражат есебінен ағым­дағы жөндеу және күтіп ұстау жұмыстары шеңберінде сақта­луда. Өткен жылы «Семей-Қай­нар» автожолындағы Ащысу өзені арқылы өтетін көпір күр­делі жөндеуден өтті. Оған рес­пуб­ли­калық бюджеттен 168 млн теңге қаржы бөлінген болатын. Сондай-ақ осы автожолдың ұзақ­тығы 13 км учаскесіне ресайклинг әдісін қолдану арқылы орташа жөндеу жұмыстары жүр­гізілді. Оған 213 млн теңге бөлінді.
2018 жылғы жөндеу жұмыс­тарының жоспар жобасын құ­ру кезінде «Семей-Қайнар» авто­жо­лының 38 шақырымына жөн­деу жұмыстарын жүргізу қарас­тырылған болатын. Алай­­да бюджеттен бөлінген қара­жат­тың шектеулі болуына бай­ланыс­ты Шығыс Қазақстан об­лысының республикалық маңызы бар басым автожол учас­келері анықталып, «Семей-Қайнар» автожолы жөндеу жоспарына қосылған жоқ. Де­ген­мен жыл сайынғы күтіп ұс­тау жұмыстары шеңберінде авто­жолдың техникалық жай-күйін сақтауға бағытталған жол шұңқырларын жөндеу, шағыл тас жабынды учаскелерді тегістеу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Мысалы, өткен жылы аталған автожолдың ауданы 65 мың м2 учаскесіне жол шұңқырларын жөндеу жұмыстары жүргізілген болса, биыл 81 мың м2 жол шұң­қырларын жөндеу, 21 мың м2 маршрутты тәсілмен жөндеу, 119 мың м2 шағыл тасты жабындыны тегістеу жұмыстары жүргізілуде.
Алдағы уақытта бюджеттік қа­ра­жаттың бөліну мүмкіндігіне қа­рай «Семей – Қайнар» автожолын жөндеу мәселесі қаралатын бола­ды.
Жол жөндеу жұмыстары жүр­гізілгенге дейін, автожол­дардың тех­никалық жай-күйі күтіп ұстау есебінен сақталып, автокөлік құрал­дарының қауіпсіз және үздік­сіз қозғалысын қамтамасыз етеді, делінген аталған ресми жауап хатта.