Өнер • 09 Тамыз, 2018

Бақтияр Адамжан «Бозбала мен ажал» балетіндегі басты рөлді сомдады

174 реткөрсетілді

Көптеген беделді халықаралық байқаулардың гран-при иегері, «Астана Опера» театрының жетекші солисі Бақтияр Адамжан алғаш рет ХХ ғасырдағы көрнекті хореограф Ролан Петидің қойылымындағы «Бозбала мен ажал» балетіндегі басты рөлді сомдады.

Қойылым аты аңызға айналған биші әрі хореограф Рудольф Нуреевке арналған Tributo a Rudolf Nureyev халықаралық гала-балеті аясында 28 шілде күні біздің дәуірімізге дейінгі І ғасырдан бері сақталып келе жатқан көне римдік амфитеатр, Сполето (Италия) Рим театрының ашық сахнасында өткен болатын. Әлемдік балет жұлдыздарының орындауында көрермендерге Р. Нуреевтің репертуа­рынан нөмірлер ұсынылды.

Ролан Петидің «Бозбала мен ажал» атты бір бөлімді әйгілі балеті 1946 жылы Иоганн Себастьян Бахтың Пассакалья музыкасына қойылды, оған арқау болған Жан Коктоның өлеңмен жазылған либреттосы. Гала-балетке арнап қойылымды жүзеге асырған Р.Петидің ассистенті – балетмейстер Луиджи Бонино, ол өзі де бір кездері Бозбаланың партиясын орындаған болатын. Бақтияр Адамжанның сахнадағы серігі болған әйгілі миландық Ла Скала театрының прима-балеринасы Николетта Манни.

Бұдан бөлек, Бақтияр Адамжан осы кеште Венгрия мемлекеттік операсы­ның примасы Татьяна Мельникпен Л.Минкустың «Дон Кихот» балетінен Па-де-дені орындады. Италиялық көрермендер Б. Адамжанның әрбір сахнаға көтерілуін толассыз қошеметпен қарсы алып, қазақстандық балет жұлдызын зор сүйінішпен қабылдады.

Бағашар ТҰРСЫНБАЙҰЛЫ,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Crown Батыс» «Тұлпарға» айналады

Аймақтар • Бүгін, 16:28

Негізгі бағыттар айқындалды

Аймақтар • Бүгін, 15:00

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар