Президент • 11 Тамыз, 2018

Болашақта Қорғас жүк өткізуде ауқымды торап болады - Елбасы

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті «Қорғас» пен «Құрық» порттары құрылысына жұмылдырылған құрылысшыларға алғысын айтты.

Болашақта Қорғас жүк өткізуде ауқымды торап болады - Елбасы

Құрық портындағы көлік хабын таныстыруға арналған телекөпір барысында  «Ақжігіт - Бейнеу» республикалық автожолының құрылысшылары және «Қорғас - Шығыс қақпасы» Арнайы Экономикалық Аймақтағы құрғақ порттың жұмыскерлері байланысқа шықты.

«Қазіргі сәтте «Қорғас» құрғақ порты тұрақты контейнерлік пойыздарды «Құрық» порты бағытына, сондай-ақ ары қарай Транскаспийлік дәлізбен Еуропаға жөнелтпек. Аталған логистикалық тізбек Қытай, Кавказ және Еуропа үшін тартымды болып отыр. Осы орайда бірқатар елдердің мультимодальдық бағдарларын байланыстыратын пойыздың жүруіне рұқсат беріңіз», деді «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА БК» АҚ Бас директоры Мұрат Баймұханбетов.

Өз кезегінде Елбасы аталған тұрақты контейнерлік пойыздың қозғалысын бастауға рұқсат берді. 

«Біраз уақыттан бері «Қорғасты» толық қуатына қосу үшін жұмыс істеп келеміз. Болашақта Қорғас үлкен шаһарға айналады және жүк өткізуде ауқымды торап болады. Менің ойымша, Қытай провинциялары осы порт арқылы жүктерін тасымалдайды. Сәйкесінше, біздің Орталық Азиядағы барлық көршілеріміз бен Ресей бұл портты пайдалану мүмкіндігіне ие. Атқарған жұмыстарыңыз үшін алғысымды білдіремін»,  деді ҚР Президенті.