Қазақстан • 11 Тамыз, 2018

Еліміздің басым бөлігінде күн суытады

58 реткөрсетілді

«Қазгидромет» РМК  2018 жылғы 11-13 тамызға арналған ауа-райы болжамын жариялады.

Карск теңізі аймағынан суық дымқыл арктикалық ауа түсуі жалғасуда, осыған байланысты Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, кей жерлерде күшті күн күркіреп, қатты дауылды жел соғады, бұршақ түсуі мүмкін. Солтүстік, орталық, шығыс аудандарда түнде температураның 5-15 дейін, күндіз 15-23 градус жылыға дейін төмендеуі күтіледі. Батыста жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, тек кезең соңында атмосфералық фронттардың өтуімен күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, сондай-ақ температураның біртіндеп көтерілуі күтіледі.

Астана қаласы бойынша консультативті ауа-райы болжамы

11 тамызға арналған: құбылмалы бұлттылық, жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыс желі 9-14, екпіні 15-20 м/с. Түнде температура +14+16°С, күндіз +18+20°С.

12 тамызға арналған: құбылмалы бұлттылық, түнде және таңертең жаңбыр, найзағай, дауыл. 9-14, түнде және таңертең екпін 15-20 м/с. Түнде температура +10+12°С, күндіз +16+18°С.

13 тамызға арналған: құбылмалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс желі, батыс 7-12 м/с. Түнде температура +8+10°С, күндіз +21+23°С.

Алматы қаласы бойынша консультативті ауа-райы болжамы

11 тамызға арналған: құбылмалы бұлттылық, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Түнде температура +23+25°С, күндіз +34+36°С.

12 тамызға арналған: құбылмалы бұлттылық, кейде жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жел 2-7, найзағай кезінде екпіні 12 м/с. Түнде температура +20+22°С, күндіз +25+27°С.

13 тамызға арналған: құбылмалы бұлттылық, түнде жаңбыр, найзағай. Жел  2-7, найзағай кезінде екпіні 12 м/с. Түнде температура +16+18°С, күндіз +27+29°С.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар