Теннис • 12 Тамыз, 2018

Зарина Дияс Цинциннати турнирінің бірінші ойынында жеңіске жетті

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жүлде қоры 2 874 299 долларды құрайтын Premier санатындағы турнирде біліктіліктің бірінші айналымын еңсерді. Бұл турнир Цинциннатиде 12-19 тамыз аралығында өтеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Зарина Дияс Цинциннати турнирінің бірінші ойынында жеңіске жетті

Беташар матчта Зарина Дияс екі сетте ресейлік Евгения Родинаны 7:5, 6:3 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 37 минутқа созылды.

Родина мүмкін болған 16 брейк-пойнттың алтауын жүзеге асырды және 7 қателік жіберді. Диястың есебінде 8 эйс, доп беру кезінде кеткен 6 қателік және 8 брейк бар. Теннисшілер ресми матчтарда бірінші рет кездесіп отыр.

Зарина Диястың келесі қарсыласы - эстониялық Кайя Канепи.