Ақтау әуежайына Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев мінген ұшақ бірінші болып қонды. Оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев қарсы алды. Одан кейін Ақтау саммитіне Иран Президенті Хасан Рухани бастаған делегация мен Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедов келді.
Ал түске дейін Қазақстанға Ресей Президенті Владимир Путин келеді деп күтілуде.