Президент • 12 Тамыз, 2018

Елбасы Каспийдің экожүйесін қорғау үшін бесжақты құжатты бекітуді ұсынды

370 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

ҚР Президенті Н.Назарбаев Каспийдің экожүйесін қорғау үшін бесжақты құжатты бекітуді ұсынды

Елбасы Каспийдің экожүйесін қорғау үшін бесжақты құжатты бекітуді ұсынды

Мемлекет басшысы Каспийдің экожүйесін сақтауға ұжымдық күш-жігер болмаса, өңірдің гүлденуі мүмкін емес екенін атап өтті. 

«Каспий экожүйесін сақтау бойынша жұмыста негізгі екпін бекіре тұқымдастарының гендік қорын қорғауға қойылуы тиіс. Әлемдік популяцияның басым бөлігі Каспий теңізінде мекен етеді. Бұл балықтың әлемдік деңгейдегі 90 пайызы - бізде. Соңғы 10 жылда балық саны он есеге азайған. Бұл тұрғыда осы мәселені назарға алу керек», деп тоқталды Н. Назарбаев.

Сондай-ақ, Елбасы биоресурстарды заңсыз аулауға қатысты жақын арада бесжақты құжатты бекітуді ұсынды.

«2010 жылдан бастап бекіре тұқымдас балықтардың популяциясын сақтау мақсатында балықты коммерциялық аулауға мораторий күшіне енді. Біздің көзқарасымыз бойынша, тараптар іске асырған шаралардың тиімділігі жеткіліксіз болып тұр. Тек Қазақстанның шекара қызметінің шаралары аясында балықты заңсыз аулағандарды құрықтау деңгейі артып келеді. Сонымен бірге, тәркіленген аулар мен балық аулаудың өзге де құралдарының саны көбейіп жатыр. Осыған байланысты теңіздің бірегей экологиялық жүйесін сақтау мақсатында жақын арада бесжақты құжатты бекіту ұсынылады. Ол құжат биоресурстарды заңсыз аулаумен күреске қатысты. Бұл бағыттағы жұмыстар 2010 жылы басталғанына қарамастан, біз оны әлі де лайықты деңгейге жеткізе алмадық», деді Елбасы.