Қазақстан • 12 Тамыз, 2018

РФ Президенті Каспий маңы елдерін туризмді дамытуға шақырды

344 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
РФ Президенті Каспий маңы елдерін туризмді дамытуға шақырды

Владимир Путин Каспий саммитінде Ресейдің Каспий маңы елдерімен сауда-саттық көлемі артып келе жатқанын айтты. 2017 жылы сыртқы сауда айналымы 22 пайызға, биылғы қаңтар-мамыр аралығында 10 пайызға өскенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, РФ басшысы Каспий маңы елдерін цифрлық экономика мен туризмді дамытуға шақырды.

«Бізде круиздік кемелер салынуда, олар Каспий теңізі жағалауындағы барлық елдерге сапарлай алады. Менің ойымша, бұл бағыттағы шаралар біздің халықтарды жақындата алады», деді Владимир Путин.