Әлем • 12 Тамыз, 2018

Мажарстанда Астананың 20 жылдығына орай фотокөрме ашылды

53 app.timeкөрсетілді

Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті мен «ҚазАқпарат» ХАА, Халықаралық Түркі академиясының қолдауымен Қазақстанның Венгриядағы Елшілігі ұйымдастырған «Ұлы дала рухы»  фотокөрмесі ашылды.

Халықаралық «Тұран» халықтар құрылтайының аясында Мажарстанда ашылған «Ұлы дала рухы» көрмесі Астананың 20 жылдығына арналды. Көрмені Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Мажарстан парламентінің вице-спикері Шандор Лежак барып тамашалады.

Көрмеге «Егемен Қазақстан» газеті мен «ҚазАқпарат» ХАА-ның фототілшілері ұсынған туындылар қойылды. Қазақстанның бай тарихы мен бүгінгі қайталанбас келбетінен сыр шертетін фотосуреттерге құрылтай қатысушылары мен қонақтар ерекше қызығушылық білдірді. Ел назарын аудартқан суреттерді Ерлан Омаров, Мұхтар Холдорбеков, Виктор Федюнин, Александр Павский және Ильзат Сафаргалиевтер түсірген.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Еділ мен Жайық суы араласты

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Ұқсас жаңалықтар