Саясат • 12 Тамыз, 2018

Каспий саммитінде бес елдің ведомстволары бірқатар құжаттарды бекітті

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Каспий саммитінде бес елдің арасында бірқатар құжаттарға қол қойылды. 

Каспий саммитінде бес елдің ведомстволары бірқатар құжаттарды бекітті

Каспий теңізінде броконьерлікпен күрес саласында ынтымақтастық туралы хаттама бекітілді. Бұл құжатқа Қазақстан тарапынан ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбрірахманов қол қойды.

Екінші құжатты, Каспий теңізінде ұйымдасқан қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы хаттаманы бес елдің ішкі істер министрлері бекітті. 

Бес елдің өкілдері Шекаралық ведомстволардың ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы хаттамаға қол қойды. Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

Қол қойылған келесі келісім Каспий маңы мемлекеттерінің үкіметтері арасындағы көлік саласы бойынша ынтымақтастыққа арналды.  Сонымен қатар, Каспий теңізінде жанжалдарды болдырмау жөніндегі келісім бекітілді. Осы құжатқа Қазақстан жағынан ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қол қойды.