22 Желтоқсан, 2011

«Атамекен» өз көмегін ұсынады

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
«Атамекен» одағы» Қазақ­стан­ның ұлттық экономикалық па­латасы Жаңаөзенде болған тәр­тіп­сіздік кезінде қаза тапқан­дар­дың отбасылары мен жақын­дары­на қайғыларына ортақтасып көңіл айтады. «Атамекен» тәр­тіп­сіз­дікті ұйымдастырушылар өздерінің қыл­мыстық ниеттерін жүзеге асыру үшін «Өзен­мұ­най­газ» қызметші­лері­нің еңбек дауларын пайда­лан­ды деп есептейді. Палата зардап шеккендерге қаржылай көмек көрсететін болады және Жаңа­өзен­дегі проб­ле­маларды шешу үшін құрылған үкіметтік комис­сияның жұмы­сына атсалысуға дайын. «Атамекен» бірінші кезекте бұзақылардың заңға қарсы әре­кеттері салдарынан адамдар­дың зардап шеккеніне және қаза тап­қанына назар аударады. Көпте­ген отбасылары асыраушысыз, тіршілікке қажет қаржысыз және бас­панасыз қалды. Жаппай бү­лін­ші­лік нәтижесінде 14 адам қаза тауып, ондаған адам жара­қат­тар алды. Сол сияқты қалада көп­теген ғимараттар мен автомобильдер өртелді. Тәртіпсіздіктер сал­дарынан бірқатар дүкендер мен орталық рыноктың тоналуы­на байланысты шағын және орта бизнеске айтарлықтай зиян келтірілді. «Атамекен» палатасы мүше­лері үкіметтік комиссия мен құ­қық қорғау органдары таяу уа­қытта объективті тергеу жүр­гізіп, өңірдегі ахуалды тұрақтан­дыру ісін ретке келтіреді деп сенеді. «Атамекен» одағы» Қазақ­стан­ның ұлттық экономикалық палатасы Жаңаөзенде зардап шек­кендер мен қаза болған­дар­дың отбасыларына көмек көр­се­ту және қаржы жинау үшін ар­найы есеп-шот ашады. Сон­дай-ақ бұл қаржылар бүлінші­лік нә­тиже­сін­де зардап шеккен кәсіп­орындарға да берілетін болады. Қаржыны таратуды об­лыстық әкімдіктің қоғамдық штабының қатысуымен палата­ның Маң­ғыс­тау облысын­дағы филиалы жанындағы ар­найы комиссия жүзеге асырады, деп хабарлады «Атамекен» ода­ғы­ның ақпараттық саясат жөнін­дегі қызметі.