22 Желтоқсан, 2011

Әріптестік арқауы кең

246 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Халықтық сая­си-консультативтік кеңесінің төрағасы Асқат Керім­бай­ды қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының бас­пасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен Қы­тайдың екіжақты қатынастарын одан әрі дамыту мәселе­лері талқыланды. – Біз Қытайды жақын көрші және сенімді әріптес ретінде қарастырамыз, – деді Қ.Мәми. Дипломатиялық қатынастар ор­ныққан кезден бергі қысқа мерзімде екі мемлекет басшы­ла­рының сенімді қатынастарының арқасында стратегиялық әріп­тес­тіктің жоғары деңгейіне қол жетті. Жоғары деңгейдегі өзара са­парлардың жиілігін атап өте келіп, Қ.Мәми ҚХР Халық өкіл­де­рінің Бүкілқытайлық жиналысы Тұрақты комитетінің (ХӨБЖ ТК) Төрағасы У Бангоның биылғы қыркүйек айындағы Қазақстанға жасаған алғашқы ресми сапа­ры­ның нәтижелерін жоғары баға­лады. «Бұл сапар Қазақстан мен Қытайдың жан-жақты страте­гиялық әріптестігін нығайтуға, парламентаралық деңгейдегі бай­ланыстарды дамытуға жаңа серпін берді», – деді Қ.Мәми. Қа­зақстан Парламенті Сенатының Төрағасы ҚХР ХӨБЖ ТК бас­шысы У Бангоға ізгі тілектестігін жолдады. Шекаралық аймақтағы ынты­мақ­тастықты одан әрі дамыту мә­селелеріне тоқтала келіп, Төраға Қазақстан мен Қытай арасын­дағы өзара сауда көлемінің жар­тысына жуығы Шыңжаңның үле­сіне тиетінін атап көрсетті. «Қа­зақстан ғылыми ауқымды және жоғары технологиялық өндіріске, экономиканың өңдеу саласын дамытуға қытай инвестициясын тартуға мүдделі», – деп атап өтті Қ.Мәми. А.Керімбай Қазақстан Тәуел­сіздігінің 20 жылдығымен құт­тық­тады және екі мемлекет ара­сындағы жан-жақты страте­гия­лық әріптестікті одан әрі дамыту жайын қозғады. Ол Қ.Мәмиді қо­лайлы уақытта ҚХР-дың Шың­жаң-Ұйғыр автономиялық ауда­ны­на ресми сапармен келуге шақырды. А.Керімбай бастаған Қытай делегациясы Қазақстан Респуб­ликасы Тәуелсіздігінің 20 жыл­дығы және Қазақстан мен Қытай арасындағы дипломатиялық қа­ты­настардың орнағанына 20 жыл толуына орай Шыңжаңның Қазақстандағы мәдени күндері аясында біздің елімізге келген болатын.