Қазақстан • 16 Тамыз, 2018

Астаналық дәрігерлер ауылдарды аралады

620 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Президент Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының бір топ жоғары білікті дәрігерлері Зеренді аудандық емханасында болып, жергілікті тұрғындарға тегін медициналық қызмет көрсетті. 

Астаналық дәрігерлер ауылдарды аралады

Аудан әкімдігінің арнайы­ шақыртуымен медицина ғы­лым­дарының докторы Əмір Ахетов бастап келген астаналық дəрігерлер арасында нейрохирург, пульманолог, ревматолог, аллерголог, терапевт, ангихирург, кардиолог, аритмолог сияқты мамандар бар.

– Жергілікті жерде дәрі­гер­лер жетіспейді. Сондықтан астаналық дәрігерлердің ауыл­ға келуі аса маңызды, – деді қалып­тасып отырған қиын­дықты атап өткен  аудандық емхананың бас дəрігері Банұр­жан Жаңғалов.

Емханаға күніне 200-250-ге дейін адам келеді. Тек кейбір маман­дардың жоқтығынан нау­­­қастар электронды пор­тал арқылы Көкшетау жəне Астана қалаларындағы емдеу мекемелерінде қаралуға мәж­бүр. Кезегі келгенше біраз уақыт сарылып күтеді. Бұл жо­­лы дə­рігерлер науқастарды кезек­сіз қабылдады. Соның  ішінде бірінші санаттағы аритмолог дəрігер Нұрлан Елубаевқа 15 адам жазылған. Келушілердің арасында Зеренді ауылының Айнұр Құдабаева есімді тұр­ғыны да бар. Айнұрдың дәрігерге көрініп жүргеніне 7 жыл болған. «Осыған дейін аудандық емханада аритмолог дəрігер болмауы қиындық тудырған. Бұл жолы маманның өзі келіп қабылдады. Тегін меди­­өциналық қызметіне тегіс ризамыз», дейді ол. 

Сонымен қатар жоғары білікті дәрігер мамандар ем-дом шараларынан бөлек аудан тұрғындарына ақыл-кеңес берді. Халық қан тапсырып, рентгенге түсті. Бұл күні аудан бойынша барлығы 180-нен астам адам қабылдауда болды. Кейбір науқастарға Президент Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасында стационарлық ем қабылдауға жолдама берілді.

Байқал БАЙӘДІЛ,

«Егемен Қазақстан»

Ақмола облысы,

Зеренді ауданы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше