Әлем • 16 Тамыз, 2018

Генуядағы көпірдің құлауына кінәлілер анықталды

37 реткөрсетілді

Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласында автожол көпірінің опырылуына елдегі автожолдарға жауап беруші Autostrade per L'Italia компаниясы жауап береді, әрі ол концессиялық келісімнен айырылады. 

Бұл туралы сәрсенбіде төтенше жағдайлар министрлерінің кеңесінде Италия премьер-министрі Джузеппе Конте мәлімдеді.

Концессия шартына сәйкес, Autostrade per L'Italia компаниясы көпірді жөндеуді өз мойнына алу керек. Сондай-ақ, Лигурия аймағында бір жыл мерзімге төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылданды. Алайда Autostrade per L'Italia компаниясы көпір барлық халықаралық стандарттарға сай салынғанын айтуда.

Еске сала кетейік,  кеше Генуяда қираған көпір салдарынан 38 адам қаза болған.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар