Аймақтар • 16 Тамыз, 2018

Кәсіпкерлер «Менің мектебім» жобасы­н қар­жыландырады

301 реткөрсетілді

«Рухани жаңғыру» бағдар­­­ла­масы аясында өткен жылдың қазан айында Шығыс Қазақ­стан­ облысында «Менің мектебім» жобасы­ның тұсауы кесілген еді. Жоба шең­берінде облыстағы 277 толық жинақты мектептің 476 каби­нетін химия, физика, биоло­гия және роботты техника сынып­тарымен Назарбаев зият­кер­лік мектептерінің тәжіри­бесі не­гізінде заманауи құрал-жаб­дық­тармен жабдықтау жоспар­лан­ған-ды. Ерекше атап өтер­лігі, жас ұрпаққа қажет жобаны қар­жыландыруды өңірдегі кәсіп­кер­лер мен ірі кәсіпорындар толық­тай өз мойындарына алды.

Енді, міне, Алла сәтін салса, аймақтағы 277 білім орда­сының оқушы­­лары 1 қыр­күйектен бастап заманауи құ­рылғылармен жарақталған жаңа кабинеттерде білім алатын болады.  Облыстық білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, елімізде баламасы жоқ бірегей акцияға Шығыстың атымтай жомарт азаматтары 2,8 млрд теңге көлемінде қаржы аударыпты. Оның 2,3 миллиард теңгесі 4 кабинетке қажет құ­рылғыларды және 500 миллион теңгесі жиһаздарды сатып алуға жұмсалыпты. «476 кабинеттің 66-сы физика, 53-і химия, 85-і биология, 272-сі роботты техника кабинеттері.

Елімізде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асырудың Жол картасы әзірленіп, барлық мектептердің 30 пайызын роботты техника кабинеттерімен жабдықтау міндеттелген еді. Біздің облыс бұл межені 42 пайызға арты­ғымен орындап отыр. Жоғарыда айтқан 277 мектепте ашылатын кабинеттерде сабақ беретін мұға­лімдердің барлығын оқыттық. Ұзын саны 600 адамға (323-і мұғалім, қалғаны – лаборанттар) Мәскеуден, Лондоннан келген мамандар роботты техника кабинетіндегі құрылғылармен қалай жұмыс істеу керектігін, яғни практикалық жағын жақ­сылап үйретті. Тео­риялық жа­ғын мұғалімдеріміз «Өрлеу» бі­лік­тілікті арттыру институ­­ты арқылы жаңартылған білім бағдарламасы аясында оқыды. Дегенмен мұнымен шектелмей, мұғалімдерді алдағы уақытта арнайы курстарға жіберуді жоспарлап отырмыз», дейді басқарма басшысы.

Осыдан біраз уақыт бұрын «Нұр Отан» партиясы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында балаларға арналған 1 мың тегін IT-сыныптарын ашу жөнінде ұсыныс айтқаны белгілі. Сайрангүл Жұмаділова Шығыс Қазақстан бұл бастаманы жүзеге асыруға қазірдің өзінде дайын екендігін айтады. «Үкімет еліміз бойынша 1 мыңдай ІТ-сынып ашуды жоспарлауда, ал біздің облыс қазірдің өзінде 277 сынып ашуға әзір. Семей мен Өскемендегі екі колледжде IT-мамандарын даярлайтын орталық ашқан болатынбыз. Семейдегі ресурстық орталықтың да­йын бағдарламасы бар екен. Біз оны мектеп бағдарламасына бейімдедік. 306 сағатқа жоспар­ланған бағдарлама 3-тен 10 сынып оқушыларына дейін арнал­ған. Бұл бағдарламаны Білім және ғылым министрлігіне жі­беріп, келісімдерін алдық. Қазір ІТ-сыныптарды ашуға дайынбыз. Онда сабақ беретін мұғалімдерді оқытып жатырмыз. Әр мектептен екі мұғалімнен. Олар қолдарына ІТ-маман деген куәлік алып шығады. Оқушыларды роботты техника, бағдарламалау, мехатроника, вебдизайн және модель­деу сияқты бес бағытта оқы­туды жоспарлап отырмыз. 3-4 сы­ныптарға ойын түрінде өткіземіз. Әрі қарай күрделене береді. Сонда бала мектеп бітіргенде өн­дірісте жұмыс істеуге дайын болады», дейді С.Жұмаділова. 

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Құмырсқа пәлсапасы

Қоғам • Бүгін, 09:48

Табысқа жетуге талпындырды

Қоғам • Бүгін, 09:23

Ұлттық комитет мүшелері бас қосты

Қазақстан • Бүгін, 09:17

Тиімділікті арттыратын құжат

Қазақстан • Бүгін, 09:15

Жеті балуан ТОП-20 қатарында

Спорт • Бүгін, 09:12

Өнер бәйгесінің жаңа жұлдызы

Руханият • Бүгін, 09:06

Бөдене саңғырығы – биоотын

Аймақтар • Бүгін, 09:04

Шатарбай әулетінің шеберлері

Руханият • Бүгін, 09:02

Қаймағы бұзылмаған қазына

Руханият • Бүгін, 08:56

Түлкі өзені бір тазарып қалды

Аймақтар • Бүгін, 08:52

Арал қайта оралады

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Мәрмәр етін өндіретін кешен

Экономика • Бүгін, 08:46

Түркінің түп негізі – қазақ

Руханият • Бүгін, 08:36

Сабақтастық стратегиясын саралау

Қазақстан • Бүгін, 08:30

Химиялық қалдықтардан қатер көп

Экология • Бүгін, 08:25

Жаны қазақ Виктория

Қоғам • Кеше

Ұқсас жаңалықтар