Тәуелсіздік туралы байыпты да терең әңгіме жалғаса бермек. Дегенмен, Елбасы сөзінен алған алғашқы әсерді бір ауыз сөзбен жеткізе кеткім келеді. Ол – бірлік пен ынтымақты ту еткен елдің «бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы» мен ұлы мақсаттарды алдына қойған ұлттың жарқын келешегіне деген сенімділік! Тәуелсіз Қазақстанның экономикасымен бірге ұлы рухани құндылықтары – тіл, мәдениет, білім мен ғылым да жаңа кезеңде өрлеу мен дамудың жаңа сатысына көтерілетініне күмән жоқ. Ол сенімге арқау Елбасы сөзі – «Дүниеде қазақ деген ел барда қазақ тілі мәңгі жасай береді!!»
Бүгінде қазақ тілі ел халқын біріктіруші басты фактор ретінде қазақстандық қоғамда өзінің мемлекеттік мәртебесіне сай қолданыла бастады. Елбасы атап өткендей, «қазақ тілі – тұтас ұлыстың ортақ тіліне айналды». Бұл – тәуелсіздіктің басты жетістігі. Өйткені, тәуелсіздікпен бірге қайта түлеген тілмен бірге, ұлттық санамыз түледі. Ал алда атқарылар іс бұдан да ауқымды.
Ендігі міндет – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қоғамда толық қолданылуына қол жеткізу бағытында тиісті мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым, бірлестіктер арасындағы бірлескен жұмысты жаңа сапалық деңгейге көтеру, ұлттық мүддеге қызмет ететін ұлттық идеяны тереңдету, «санның артуы мен сананың орнығуына» бастайтын тың қадамдар жасау. Сонымен бірге, қазақ тілін азат елдің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілетті, тәуелсіз тілі ету жолында барлық қазақстандықтардың жұмыла еңбек етуі, әр алаш баласының «ұлт үшін деген ұлы іске» (А.Байтұрсынұлы) үн қосуы шарт. Еріне сүйеу болар еліміз, еліне тіреу болар еріміз аман болса, тәуелсіздік тұғыры туған тіліміз де мәңгі жасайтыны сөзсіз.
Болат ЖЕКСЕНҒАЛИЕВ, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы басқармасының төрағасы, «Ағартушы» мемлекеттік тілді оқыту орталығының директоры.

ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Бүгін, 22:16
Қызылордада аттракционда жарақат алған 18 жастағы жігіттің аяғына ампутация жасалды
Қоғам • Бүгін, 21:57
Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын анықтады
Спорт • Бүгін, 21:42
Қарақұрт қаптады: Маңғыстауда 18 адам дәрігер көмегіне жүгінген
Қоғам • Бүгін, 21:09
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 20:56
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Бүгін, 20:19
Әлем Кубогының алғашқы күнінде 5 боксшымыз жеңіске жетті
Спорт • Бүгін, 19:29
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Бүгін, 19:10
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:54
GGG-дің жаңа белесі: Тоқаев тарихи жетістікпен құттықтады
Спорт • Бүгін, 18:12
Қазақстан IT алпауыттармен 10 миллиард долларлық келісімдер пакетіне қол қойды
Үкімет • Бүгін, 18:09
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Бүгін, 17:58
Жапония Гренландиядағы сирек кездесетін металдарды игеруі мүмкін
Әлем • Бүгін, 17:52
«Қайраттың» бұрынғы бапкері Владимир Гулямхайдаров қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 17:43