Футбол • 17 Тамыз, 2018

«Қайрат» Еуропа лигасындағы жорығын аяқтады

59 реткөрсетілді

УЕФА Еуропа лигасында сынға түскен Алматының «Қайрат» командасы аталған турнирдің үшінші іріктеу кезеңінің өз алаңында өткен қарымта кездесуде Чехияның «Сигма» командасымен ойнап, 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Екі ойын қорытындысы бойынша «Қайрат» келесі кезеңге шыға алмады.

Осыдан бір апта бұрынғы Чехияда өткен матчта да жерлестеріміз 2:0 есебімен қарсыластарына жол беріп қойған-ды. Алматыда көбірек гол соғуды мақсат тұтқан «Қайрат» командасы бүкіл ұжым болып шабуылдап, қорғанысты мүлде ұмыт қалдырды. Сондай сәттердің бірінде «Сигма» шабуылшысы Мартин Нешпор Стас Покатилов қорғаған қақпаның саңлауын оңай тауып, ойындағы есепті ашты.

Екінші таймның 51-минутында Давида Гоуски есепті 2:0-ге жеткізіп, «Қайраттың» келесі кезеңге өтетін үмітін су сепкендей басты. Өйткені, Алматының командасы келесі кезеңге шығу үшін 5 гол соғу керек болатын. Арадан 10 минут өткенде Мартон Эппель гол соғып, есеп айырмасын қысқартты. Голдан кейін жанкүйерлер мен «Қайрат» футболшылары ең болмағанда тең нәтижеге үміт артқан еді. Алайда 79-минутта «Қайрат» сапынан Хуан Фелипе екінші сары қағазын алып, ойыннан қуылды. Ал матч соңында Исаэль де екінші сары қағазын алып, матчты мерзімінен бұрын аяқтады. Осылайша, «Қайрат» ойыншылары кездесуді 9 футболшымен аяқтады.

Екі матчтың қорытындысы бойынша «Сигма» 4:1 есебімен жеңіске жетіп, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Сәтбаев оқулары» өтті

Руханият • Бүгін, 09:57

Ұқсас жаңалықтар