Әлем • 17 Тамыз, 2018

Польша президенті Еуропарламентке сайлану туралы заңға вето қойды

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Польша Президенті Анджей Дуда Еуропалық парламентке сайлау жөніндегі заңға өзгертулер енгізуге вето қойды, деп жазады 24.kz. 

Польша президенті Еуропарламентке сайлану туралы заңға вето қойды

Президенттің мұндай шешім қабылдауына сайлаудағы мөлшерлестік қағидасының бұзылуы себеп. Дуданың айтуынша, еуропалық құқықта парламентке өту үшін 5 пайыздық меже бар. Сондықтан партия бұл заң шығарушы органға өту үшін сайлаушылардың кем дегенде 5 пайыз дауысын жинауы тиіс. Ал оны өзгерту еуропалық құқықта көрсетілген тәртіпті бұзып, оның беделін түсіреді.

Салдарынан азаматтардың сайлауға қатысуы төмендейді. Еске сала кетейік, Еуропалық парламентке сайлау әр 5 жыл сайын өтеді. Келесі саяси дода 2019 жылы 23-26 мамыр аралығына белгіленген.

 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше