Ұлттық спорт • 17 Тамыз, 2018

Қазақстанда ұлттық этноспорт ойындарынан кіші Олимпиада өтеді

488 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық беделді ұйым ЮНЕСКО-ның бастамасымен алдағы 2021 жылы әлемде тұңғыш рет дүние жүзі халықтарының ұлттық этноспорт ойындарынан кіші Олимпиада өткізу туралы бастама көтерілген еді.

Қазақстанда ұлттық этноспорт ойындарынан кіші Олимпиада өтеді

Осы ойынды өткізуге Мә­де­­ниет және спорт ми­нистр­лігі ынта-ықылас танытып, нә­ти­жесінде өткен шілде айы­ның басында ЮНЕСКО-ның Дәстүрлі спорт түрлері мен ойындар комитетінің өкілдері Халил Ахмед Хан, Шамми Рана  және Марселлин Дэлли мырзалар арнайы сапармен елордаға келген болатын. 

Жоғарыдағы мақсатты шараның бастамашылары жақында Түркияның Эр­зурум қаласында жалауын көтерген дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы­ның «Түркі ойындары – 2018» фестиваліне жиналып,  сонымен бірге Ыстанбұл қаласында Дүниежүзілік этноспорт конфедерация­сы­ның ұйымдастыруымен «Кешенді ІV консультация­лық кеңес отырысы» және «Дәстүрлі спорт түрлері мен ойындар бойынша достық тобы отырысы» атты аса маңызды бас­қосу өткізді.

Әлемде этноспортын дамытушы жүздеген мемлекет өкілдерінің басы тоғысқан аталмыш жиынға Мәдениет және спорт ми­нистрлігі мен  Ұлттық спорт қауымдастығының өкілдері қатысып, 2021 жылы өтетін әлемдік этноспорт ойындарын  елімізде өткізу туралы ұсыныс айтты. Ұсыныс бірауыздан қабылданып, ел тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесімен орайлас, ұлы дүбір этноспорт олимпиадасы елімізде өтетін болды. 

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,

«Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар