Аймақтар • 17 Тамыз, 2018

Қарағандыда «Мерейлі отбасы-2018» байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті

63 реткөрсетілді

Қарағандыда «Мерейлі отбасы-2018» байқауында Ілімбаевтар отбасы үздік шықты. Осы­мен бе­сінші рет ұйымдастырылған бұл сайыс­қа биыл 200-ден астам отбасы қатысып, бақ сынады. 

Жалпы, байқауға қатысуға ниет білдірген отбасылардан өтінім осы жылдың сәуір айы­нан бастап қабылданған болатын. Ал іріктеу кезеңінде Сәтбаев қаласы, Қарқаралы, Абай және Жаңаарқа аудан­дары атынан қатысқан отба­сылардың өмір тарихы мен өнері қазылар алқасының кө­ңілінен шықты.

Сонымен, биылғы «М­е­рейлі отбасы-2018» бай­қа­уының облыстағы жеңімпазы болып Қарқаралы ауданында тұратын Ілімбаевтар отбасы танылды. Үздік шыққан әулеттің ұйытқысы Рымтай әже 19 бала, 47 немере, 13 шөберенің ардақты анасы.

– Біздің отбасымызда 11 қыз және 8 ұл бар. Шынын айтқанда, біз бұл байқауда жеңеміз деп ойламаған едік. Әлбетте, өте қуаныштымыз. Бұл бай­қауға қатысу туралы ой кіші сіңлім­нен шықты. Құдайға шүкір, отба­сымыз үлкен және өте татумыз. Әулетте той бола қалса, өзі­міз ғана бір мейрам­хананы толтырып жібе­реміз. Отба­сымызбен жиі бас қосамыз. Мере­келерді, әсіресе, тойлар мен шілде­ханаларды ұнатамыз. Наурыз тойы біз үшін ең ұлық мереке, – дейді бастауыш сынып мұғалімі Әсем Ілімбаева.

Сәтбаев қаласынан келген Әуезов­­тер отбасы екінші орын алса, Нұра ауданы атынан қатысқан Нұрғалиевтер отбасы үшінші орынды місе тұтты. 
Байқауды ұйымдас­ты­ру­шылар жеңімпаз отбасы­на шипажайға жол­да­ма тарту етсе, екінші және үшінші орынға табан тіре­ген отбасылар грамоталар мен шетелдік қымбат теледидарларға ие болды.

Енді облыста үздік шық­қан Ілімбаевтар отбасы­ «Ме­рейлі отбасы-2018» бай­қауының республикалық кезеңінде Қарағанды өңірінің намысын қорғайтын болады. 

Қайрат ӘБІЛДА,

«Егемен Қазақстан»

ҚАРАҒАНДЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар