Білім • 17 Тамыз, 2018

Солтүстік Қазақстан университеті 1702 грант ұттып алды

566 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жуырда  Астана қаласы әкімдігі бөлген гранттың 99-на ие болды.

Солтүстік Қазақстан университеті 1702 грант ұттып алды

Былтыр өңіріміздегі жалғыз оқу орны 581 грант жеңіп алса, биыл барлығы  1702 грант еншілеп отыр.  «Астана қаласы әкімі  бөлген мыңға жуық гранттың ішінде 99-ын біздің университет ұтып алды. 43 грант – білім, 36 –сы техникалық ғылымдар және технология, 20-сы медициналық мамандықтарға бөлінді. Биыл алғаш рет жергілікті бюджеттен 75 грант тағайындалды. Олар ауыл шаруашылығы, білім және медицина салалары үшін қарастырылған», дейді академиялық мәселелер жөніндегі проректор Ербол Исақаев. Гранттар бакалавриат бойынша білім алатын студенттерге де қарастырылған.

Анель Ахметова  биыл алғаш рет ашылғалы отырған жалпы медицина факультетіне құжаттар тапсырғанмен ҰБТ қорытындысында грантқа қажетті баллды жинай алмапты. Ақылы түрде қалай оқимын деп қиналып жүргенде Астана қаласының әкімдігі  бөлген грантқа ілігіпті. Астана қаласы әкімінің гранттарымен білім алатын студенттер мамандықтары бойынша  елордада 3 жыл жұмыс істеуге міндетті.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы