Қазақстан • 17 Тамыз, 2018

Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қазақстанның басқа өңірлерінен қоныс аударғандарға арналған 14 тұрғын үйдің құрылысымен танысты.

Елбасы Ильичевка ауылындағы тұрғын үй құрылысымен танысты

Нұрсұлтан Назарбаев көшіп келген отбасылармен әңгімелесу барысында қоныс аударған тұрғындарға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқанын атап өтіп, өзінің де өмір жолы туралы айтып берді.

– Менің Алматы қаласының маңында дүниеге келгенімді білесіздер. 17 жасымда туған өлкемнен кеттім. Осындай шешім қабылдап, мен түрлі өңірде еңбек жолынан өттім. Кездескен қиындықтарды жеңіп, бүгінгідей дәрежеге жетіп отырмын. Сіздер мұны балаларыңыздың болашағы үшін жасап жатырсыздар, – деді Қазақстан Президенті.

Соңында Елбасы ауылдың жаңа тұрғындарына зор денсаулық, табыс, бақ-береке тіледі.

***

Жалпы 2018 жылы Солтүстік Қазақстан облысына 900 адамнан тұратын 235 отбасы көшіп келген. Барлығы жалдамалы пәтермен қамтамасыз етіліп, жұмысқа орналастырылды. Олардың көшіп келуіне және шығындарын өтеу үшін 1 миллиард теңгеден астам субсидия бөлінді.