Қоғам • 17 Тамыз, 2018

Озық идеядан – өндіріске

179 реткөрсетілді

Өңірдегі кембағал жандар арасында «темір тұлпар» тізгіндегісі келетіндер көп. Алайда арнайы жабдықталған көлік  бол­мағандықтан жүргізушілік куәлікке қол жеткізе алмай жүр. Өзі қатарлас құр­бы-құрдастарының арман-мақсатын жүзеге асыруға құлшына кіріскен Сәлімхан Сәби­тов жуырда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған авто­мектептің жобасын Алматы қаласында сәтті қор­ғап келді.

«Елімізде алғаш рет қолға алынған тың идеяны жан-жақты сүзгіден өткізіп, «Рав­ная дорога» деген атаумен қолданысқа енгі­з­гелі отырмыз. Оған мүмкіндіктер мол», дейді  облыстық «Қоғамдық келі­сім» КММ-нің жетекші сарапшысы С.Сәбитов. Сәлімханның өзі де жастайынан мүгедектікке ұшырап, коррекциялық мектепті бітірген. «Ардос-Жүрек» мүгедек­тер  ұйымын құруға атсалысқан. Басқа да қоғамдық жұмыстары жетерлік. Озық бағдарлама «Металл групп» компаниясы тарапынан қолдау тауып, 2 миллион теңге бөлініпті. Бұл қаражатқа «Лада гранта» автокөлігі сатып алынып, Ресейдің Челябі қаласында  мүгедек адамдарға ың­ғайланып өзгертілмек.

Дәрігерлердің қоры­тындысы бойынша жүргізуші куәлігін алуға рұқсат етілсе, ынта-тілек білдірген ғаріп жандар қысқа мерзімді курстарға жазылуға, «темір тұлпар» жүргізудің қыр-сырын меңгерулеріне  болады. Оқу бағасы  бар-жоғы 15 мың теңгені құрайды. Автомектеп ұйымдастырушылары оларды жұмысқа орналастыру, қосымша табыс табу жолдарын да қарастыруда. «Алтын Қыран» серіктестігі де 4 милллион теңге мөлшерінде қаржы бөлуге  әзір. Оған тағы бір жеңіл көлік сатып алынбақ.  Келешекте техникалық қызмет көрсету стансасын құру да жоспарда бар. Сөйтіп көліктерді көрші елге апармай-ақ  жергілікті жерде жабдықтап бермек. 

Бүгінде облыс орталығында 8 мыңнан  астам тірек қимыл жүйесі бұзылған  мүге­дек адамдар тұрады.

Сол сияқты жас кәсіпкер Руслан Смағұ­лов та тұрмыстық заттар үшін қолданылатын  құралды ғаріп жандарға ойлап тауыпты. Оның айтуынша, бірде көршісі банкаларды ашып беруін өтініп, көмек сұрап келген. Осыдан соң бір қолы жоқ үй шаруасындағы әйелге жәрдемдесудің жолын іздестіріп, бір айдың ішінде құрылғыны жасап шығарған. Ол қазір  тендерге қатысып, өнімдерін Пе­тро­павл, Көкшетау, Астана қалаларына өткі­зіп жүр. Түйме, кілт, тағы басқа күн­де­­лікті тұтынатын заттарды ұстауға өте ың­ғай­лы аспапқа сұраныстың көптігі ескері­ліп, өндірісті кеңейтпек. 

«Үздік әлеуметтік жоба» өңірлік бай­қауында жас кәсіпкердің өнертапқыш жаңалығы жақсы қырынан бағаланып, 700 мың теңге сыйақы алды. Бүгінде 7 мыңдай адам Русланның қолжетімді құрылғысына зәру. Қытай мен Ресейде оның бағасы қымбат.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Багаев көрмесі Қостанайға келді

Руханият • Бүгін, 18:01

Әрбір донор – батыр

Медицина • Бүгін, 17:07

Дарынды түлек Дарина

Қазақстан • Бүгін, 15:36

Арыста медициналық штаб құрылды

Аймақтар • Бүгін, 13:23

Дзюдошылар үш жүлде алды

Спорт • Бүгін, 12:43

Көкке қол созған саңлақ

Қоғам • Бүгін, 10:18

Қараша қазға қамқорлық

Қазақстан • Бүгін, 10:16

Қаламгерлер арасындағы турнир

Қазақстан • Бүгін, 10:14

Айбынды жастар анықталды

Қазақстан • Бүгін, 10:10

«Ақбас» тұқымынан артығы жоқ

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Электронды сауда қызып келеді

Қазақстан • Бүгін, 10:01

Тіл – ортақ, тілек – бір

Қоғам • Бүгін, 09:55

Серт пен сенім

Президент • Бүгін, 09:35

Елден елдің несі артық?

Қоғам • Бүгін, 09:28

Жаңа технологиялық соғыс

Әлем • Бүгін, 09:21

Ұқсас жаңалықтар