Қазақстан • 17 Тамыз, 2018

«Нұрлы жер» аясында миллионнан астам шаршы метрі пайдалануға берілді

181 реткөрсетілді

«Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын «Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша іске асыру барысына арналған брифингте 1 миллионнан астам шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілгендігі мәлім етілді.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ-ның еншілес ұйымы «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ саладағы негізгі  оператор ретінде іске асқан жұмыстар барысынан хабар етіп, 35 мың қазақстандықтың баспанамен қамтамасыз етілгендігін атап өтті. «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары А.Акчуриннің, «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» ИҰ» АҚ Басқарушы директоры Е.Сыздықовтың мәлімдеуінше, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында («Қолжетімді баспана - 2020», Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы және «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық дамыту бағдарламасы – «Нұрлы жер» бағдарламасына біріктірілді) таңда сатып алу мүмкіндігімен жалға берілетін тұрғын үйдің 1 миллионнан астам шаршы метрін пайдалануға берілген  (жоспар бойынша 2018 жылдың соңына дейін 972 мың ш.м.). ҚИК бүгінде  республиканың құрылыс саласын дамытудың драйверіне айналған. Құрылыс, инженерлік және әрлеу жұмыстары кезінде отандық  өндірушілер өнімдері пайдаланылып, 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылған.

«Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы көп балалы және толық емес отбасыларға, мүгедек балалары бар отбасыларға және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, оралмандарға, 1-ші және 2-ші топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерге, әскери қызметкерлерге, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне арналады.

Бағдарламаны іске асыру жылдарында жергілікті атқарушы органдармен тығыз ынтымақтастықта Қазақстан бойынша 17 мыңнан астам кезекте тұрған адамдар тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Бұл көрсеткіш отбасы мүшелерін қоса алғанда 50 мыңнан астам адам баспаналы болған. Компанияның өндірістік жоспарларына сәйкес жыл соңына дейін Қостанай, Қарағанды, Өскемен және Орал қалаларында 41 мың шаршы метрден астам тұрғын үй (703 пәтер) пайдалануға беріледі.

Бағдарлама бастапқы жарнаны талап етпейді, сатып алу құқығымен жалдау мерзімі  20 жылға дейін. Жалдау мерзімі өткеннен кейін тұрғын үй жалға алушының меншігіне өтеді. Мерзімінен бұрын сатып алу мүмкіндігі де қарастырылған. 1 шаршы метрді жалдау құны Астана және Алматы қалаларында 1120 теңге болса, өңірлерде 924 теңгені құрады.

«Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында «сатып алу құқығы мен жалға берілетін тұрғын үй» бағыты  2018 жылы іске асыру аяқталады.

Эльвира Серікқызы,

«Егемен Қазақстан»

 АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Үйретері көп үйірме

Аймақтар • Бүгін, 08:59

Медицина музейі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:57

Корей асханасы елордада

Қоғам • Бүгін, 08:55

Омыртқа – бүкіл ағзаның ұстыны

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Ұлы есімдер ұлықталады

Руханият • Бүгін, 08:35

Тектілік феномені

Руханият • Бүгін, 08:27

Ұлық жырдың ұзаны

Руханият • Бүгін, 08:25

«Егеменнің» тойы – елдің тойы

Руханият • Бүгін, 08:10

Ұқсас жаңалықтар