Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының атынан біз ретсіз бүліншілікке қатысушылар мен олардың жетекшілерінің іс-әрекеттерін қатаң кінәлап айыптаймыз. Біздің еліміздің қалыптасуы және дамуында көптеген қиындықтар мен мәселелер тұрды. Мұғалімдер 5-6 айлап жалақы алмаған кездерін естеріне түсіре алады, біз де биліктен бұл мәселенің шешілуін талап еттік. Сол кезде біз өзіміздің балаларымыздың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ете алмағанбыз, алайда біз сол кездің өзінде-ақ бейбіт елде тұрып жатқанымызды ұмытпап едік, еліміз экономикалық жағынан жөнге түскендігі және келешек дамудың іргетасының қалана бастағаны болатын-ды.
Өзара келісім-шарттардың негізінде, тұрақтылық пен заңды тәртіпті қамтамасыз ете отыра, біз қадам басқан сайын өз мақсатымызға жетіп отырдық. Егер де біз сол кезде ереуілге шығып, ақыл-парасатымызға салынбай, сезім әрекетіне бой алдырып, қызбалыққа бағынсақ, мен ойлаймын, ақыры қайғылы жағдайға ұласушы еді деп.
Алайда біз сезім әрекетіне бой алдырушылықты жіберген жоқпыз және де Қазақстан атты кемені бұзамыз дейтін «тамақ қыратын бақырауықтардың» артына түспедік.
Біз жұмыстан шығып қалған мұнайшыларды түсінеміз және «Өзенмұнайгаз» компаниясы басшыларының іс-әрекеттерін жөнсіз және жауапсыздық деп санаймыз. Олардың шамданғыштығы мен ерікке берілгендігі халықты өлімге душар етті, және де экономикаға залал келтірді. Осының салдарынан айыпты емес адамдар зардап шекті. Бүліншілікті бастаушылардың арасынан біз көп жастарды көрдік, олардың өмірлік тәжірибесі әлі де болса аз, ал сөйте тұра әдейі жоспарланған арандатушылыққа жол берілді.
Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының педагогикалық ұжымдары атынан біз қаза тапқандардың туыстарының қайғы-қасіреттеріне ортақтасып көңіл айтамыз.
Тұрақты экономикаға бағдарланған және әбден екшеленген Елбасымыздың сарабдал саясаты бейбіт өмір мен келісімге жетелеген бағыты жетістіктерге жеткізері сөзсіз.
Қазақстанның барлық тұрғындарын, әсіресе оқушылар мен жастарды Тәуелсіздігіміздің 20 жыл ішінде біздің еліміздің қол жеткізген табыстарын бағалауға шақырамыз.
Павлодар облысының техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары директорларының атынан Қабылқақ ҚАПЕНОВ, Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері, Павлодар облысы Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының, директорлар кеңесінің төрағасы.