Қазақстан • 17 Тамыз, 2018

Тау туризмін дамыту қажет

281 реткөрсетілді

«Kazakh Tourism ҰК» акционерлік қоғамы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы аумағындағы ең биік 20 тау шыңдарына арнайы экспедиция ұйымдастыруды көздеп отыр. 

Depositphotos

Осыған орай Алматыдағы «Достық» үйінде баспасөз-мәслихаты ұйымдастырылды. Бұл шараға Алматы қаласындағы «Visit Almaty» туристік ақпараттық орталығының директоры Кәмиля Лұқпанова, альпинизмнен Қазақстан құрама командасының мүшесі, туристтік көпсайыстан халықаралық жарыстардың жүлдегері Елдар Ғаббасов,  альпинизм саласы бойынша білікті бапкер Артем Скопин,  спорттық туризм қауымдастығының президенті Арман Хасенов және Қарағанды облыстық құзға шығу федерациясының төрағасы Айдос Жомартов қатысты.

Экспедицияға құрамында кәсіби альпинистер мен тәжірибелі саяхатшылар, танымал журналистер мен блогерлер бар 100-ден аса адам қатысады. Олар Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы таулы аймақтармен жүріп өтпек. Ондағы мақсат – Қазақстанның таулы өңірлерінде белсенді туризмді дамытуға қолайлы жағдайдың бар екеніне өз отандастарымыздың және күллі әлем жұртшылығының көзін жеткізу.

- Экспедиция жоспарын жасау барысында Қазақтуризмен ақылдаса отырып, еліміздің үш өңірінде орналасқан 20 тауға таңдауымыз түсті. Ол жерлерде экстермалды және экотуризмді дамытуға мүмкіндік мол. Біз осы бағыттардың барлығын терең зерттеп, олардың инфрақұрылымын дамытудың жолдарын ұсынамыз. Осы жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Альпинизм және құзға шығу федерациясы, Спорттық туризм федерациясы және жергілікті аумақтық қауымдастықтар құрамындағы кәсіби альпинистер мен мамандарды осы іске жұмылдырдық. Сонымен қатар, Астананың мерейтойына орай өзіндік сый дайындап отырған жайымыз бар: Түркістан облысындағы Сайран-Өгем Ұлттық саябағындағы шыңды «Астананың 20 жылдық шыңы» деп атауды жоспарлап отырмыз», дейді Арман Хасенов. 

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»

 АЛМАТЫ

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Кеше

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Кеше

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Кеше

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар