Футбол • 17 Тамыз, 2018

Роман Григорчук «Астана» клубының бас бапкерлігінен уақытша кетті

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Астана» ФК бас бапкері Роман Григорчук жеке жағдайларға байланысты елордалық клубтың жаттықтырушылар құрамынан уақытша кетті, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.

Роман Григорчук «Астана» клубының бас бапкерлігінен уақытша кетті

«Мен бүгін клуб Президенті Саян Жақсыгелдіұлы Хамитжановқа жеке жағдайымға байланысты мені клубтан уақытша босату туралы өтінішпен жүгіндім. Бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Алайда, маған осы уақыт аралығында көмектескен, мен болмаған кезеңде бас бапкердің міндетін Григорий Константинович Бабаянға сеніп тапсыра аламын. Ол команда ойыншыларымен толықтай таныс және мен келген уақытқа дейін жұмыс барысына, клубтың нәтижелеріне кері әсерін бермейді деген сенімдемін. Және де клуб Президентіне менің өтінішімді қабыл алғаны үшін ерекше алғысымды білдіремін» - дейді Роман Григорчук клуб баспасөз қызметіне.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше