Қазақстанның ауа райына Түрікменстан аймағынан келетін жылы циклон әсерін тигізетін болады. Күн күркіреп, екпінді желмен бірге жылы жаңбыр жаууы мүмкін.
Температура солтүстікте, орталықта және шығыста түнде – 13-23-ке дейін, күндіз 25-35 градусқа дейін жылы болса, оңтүстікте түнде – 17-22, күндіз 28-26 гардус жылы болады. Ал батыста антициклонның шығуымен сынап бағанасы түнде – 7-15, күндіз 17-25 градус жылыны көрсетеді.