![Мыңнан аса астаналық веложарысқа қатысуда](/article_photo/1534561754_article_b.jpeg)
Спорт күніне орай өтіп жатқан шарада қатысушылар Қабанбай батыр даңғылының бойымен «Салтанат сарайынан» бастап «Астана Арена» стадионына дейін 5 шақырым жолды велосипедпен жүріп өтеді.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі Қабанбай батыр даңғылының Қараөткел көпірінен Бұхар жырау көшесіне дейінгі аралығы («Астана-Арена» стадионы) шараның соңына дейін көлік қозғалысы шектелетінін хабарлады.