Әдебиет • 18 Тамыз, 2018

Қаламгер Сұлтан Қалиұлы дүниеден озды

1010 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Сұлтан Қалиұлы дүниеден озды. 

Қаламгер Сұлтан Қалиұлы дүниеден озды

Қаламгердің жаназасы өз аманаты және отбасының шешімі бойынша 19 тамыз күні сағат 9.00-де Жандосов пен Жароков көшесінің қиылысындағы марқұмның үйінің алдында (Жандосов көшесі 19, 12 пəтер) болады.

Балалар поэзиясы мен сатира жанрында еңбек еткен қаламгер «Сыныққа сылтау» (1967), «Өлеңдер» (1968), «Дүрбі» (1970), «Қасиетті тақия» (1972), «Сәлем саған, мектебім» (1975), «Кішкентай астрономдар»(1977), «Теміртесер» (1979), «Бақыт деген не?» (1980), «Мен мектепке барамын» (1982), «Әйт, шу, тұлпарым» (1986), «Қандай болып өсемін» (1994) өлең жинақтары жарыққа шықса, «Салам, сага, мектебім» қырғыз тілінде (1983), «Скачи, мой аргамак» кітабы орыс тілінде (1989) жарық көрген. Бұлардан өзге «Төлебай Әжімов» (1973), «Баспалдақ» (1984) прозалық жинақтары да бар. С.Маршак, С.Михалков,Р.Гамзатов, Р.Киплинг, Бақытжан Момышұлы, Я.Колас, А.Барто, Я.Бжелва, А.Ж. Родари, Я.Аким,Б.Заходер, Қ.Мұхаммади, Қ.Тәңірқұлиев, Б.Асанәлиев, Т.Самудинов, А.Рахмад,Ш.Биккол, т.б. шығармаларын қазақшаға аударды.  "Балдырғанда" жауапты хатшы қызметін де атқарған ақын 22 жыл "Ұланда" бас редактор болған.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше