Тарих • 18 Тамыз, 2018

Ыбырай Алтынсариннің отбасы қолданған жәдігерлер жұрт назарына ұсынылды (ВИДЕО)

712 реткөрсетілді

Қазақ даласында алғаш білім ошақтарын ашқан ағартушы, ұлы педагог Ыбырай Алтынсариннің отбасы қолданған төсекқабы мен өлеңдерінің қолжазба нұсқалары, түпнұсқа кітаптарын енді Астанадағы «Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығынан» тамашалауға болады.

«Ы.Алтынсариннің нағашылары өте білімге жақын болаған кісілер. Сондай кісі Шеген бидің шапаны бар. Шеген бидің шапанын осыдан екі жыл бұрын оның тусықандары біздің музейге әкеліп тапсырды», дейді Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкері Шынар Сұлтанқызы.

ХІХ ғасырдың үлгісімен жасалған күрсі, ұстаздың нағашы атасы Шеген бидің шапаны, нағашысы Бектеміс байдың тұтынған ағаш келсабы және тағы басқа жәдігерлер жұрт назарына ұсынылып отыр. 

«Қысқа ғана 49 жыл ғұмырында Ы.Алтынсарин үлкен ағартушылықпен,  педагогикамен айналысып, қазақ даласында қазақ жастары мен қыздарын ғылым мен білімге сусындауға шақырған. Бүгінгі біздің іс-шараның мақсаты да осындай ұлыларды, педагогтарды, қайраткерлерді бүгінгі ұрпақтарға таныстыру», дейді Қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығы көрме залының бас сарапшысы Әділәлі Жабықбайұлы.

Көрме жұмыстарының ашылуына келген зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары ұлы педагог, ағартушы жайлы ой-пікірлерін ортаға салып, мұндай іс-шаралардың маңызы зор екенін айтты.

«Осы Алатаудай болып алыстан көрінетін, қашанда жүрекке жылу сыйлайтын, көңілге қуаныш сыйлайтын осындай бабаларымыз бар. Соның бірі – Ыбырай бабамыз. Сол бабамызды бір аунату мақсатында, сол кісінің тәлім-тәрбиесін көрейік, сол кісінің артында қалған мол мұрасын бір бұрышын болса да танысып көрейік деген жақсы ниетпен жиналған екенсіздер», дейді ақын Қонысбай Әбіл.  

Астананың 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып жатқан көрмені қала тұрғындары мен қонақтары бір ай бойы тамашалай алады. Ал қостанайлықтардың Астанаға тартуы мұнымен аяқталмақ емес. Алдағы жексенбі күні «Этноауыл» ұлттық мәдени кешенінде «Қазыналы Қостанайдан арайлы Астанаға» атты концерттік бағдарлама өтеді.

Маржан Серғалиқызы

Видео: Жанболат Кенжеғұл

«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Бүгін, 09:14

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар