Аймақтар • 18 Тамыз, 2018

Пара алған әкімдердің қылмысы әшкере болды

514 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары пара алған болуы мүмкін. 

Пара алған әкімдердің қылмысы әшкере болды

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасарының пара алғаны әшкере болды. Ол жақын аудандардың тұрғындарын көшіру үшін тұрғызылуы тиіс болған екі жатақхананың құрылыс жұмыстары бойынша құжаттарға қол қою үшін жеке ұйымның өкілінен 100 мың теңге пара алды деген күдік бар, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Әкімнің орынбасары кінәсін толық мойындағандықтан қамауға алынбаған.

Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, Целиноград ауданының бұрынғы әкіміне қатысты немқұрайлылық фактісі бойынша тергеу амалдары басталған. Ол өзінің лауазымды қызметін пайдалана отырып, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке аудан аумағына тиесілі 50 гектар жер телімін  жекеменшікке беру туралы заңсыз қаулыға қойған. Соның салдарынан мемлекеттік заңды мүдделі айтарлықтай бұзылған.

Мұнан бөлек, Павлодар облысында Ақсу қаласына қарасты Қалқаман ауылдық округінің әкімі өзіне бағынышты бас маманмен алдын ала ымыраласып, ЖШС өкілінен әкімдіктің әкімшілік ғимаратында төлем терминалын жалдау және орнату келісімшартын жасасқаны үшін 50 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке іліккен.

Алматы облысына қарасты Байсерке ауылдық округі әкімінің бұрынғы орынбасары да өзінің қызметтің өкілеттігін асыра байдалан отырып, облыс тұрғындарының біріне жер телімін жеке шаруа қожалығын жүргізу үшін берген. Ал өңірдің бас жоспарына сәйкес, аталған жер телімі автомобиль тұрағына арналған. Осылайша ол мемлекетке 496 мың теңге шығын келтірген.

Жоғарыда аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше