Білім • 20 Тамыз, 2018

Ақтөбеге Қарағанды облысынан мектеп оқушылары мен жетек­шілерден құрылған топ келді

141 реткөрсетілді

Халқымыздың тамаша ақыны, сөз зергері, Мемлекеттік Әнұран автор­ларының бірі Жұмекен Нәжімеденовтің анасына арнаған өлеңінің бір шумағы: Туған жер деп, туған жер, Үй маңынан кетпедің. «Туған жерді бір ғана, Қошалақ құм деп пе едің!»,  деп өріледі. Сәл ой жүгірте қара­саңыз осы бір ауыз шумақта терең мән мен мағына жатқандай көрінеді. Яғни мұнда туған жер төркінін туған елге ұластыра білу ұғымы бар. Екінші бір ой тұрғысынан қарағанда бұл өлең жолдары Елбасы ұсынған «Туған жер» бағдарламасымен үндес. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп туған елге айналады деп түйін жасайды Мемлекет басшысы.

− «Рухани жаңғыру» бағ­дар­ламасын басқару бойын­ша рес­пуб­ликалық кеңсе бас­­­тамашы болып отырған оқу­шылардың өлкетану акция­сы да Президент алға қойған міндеттер мен «Туған жер» арнайы жобасы аясындағы облысаралық сан алуан іс-шаралардан тамыр тартады. Бұл білім мен тәрбие беру ісінде өлкетану жұмыстарының ауқымын мейлінше кеңейте түсуге мүмкіндік береді. Орта мектепте туған жердің тарихы мен оның киелі жерлерінің құ­пиясы мен тылсым сырын жан-жақты түсіндіру – па­трио­тизмнің ең жақсы үлгісі. Осы орайда еліміздің әр ай­мағындағы жас өрендердің өзге облыстардағы көрнекті орын­­дармен танысуының, бұл­ үшін бір апталық арнайы бағыт­­тар белгіленуінің берері мол. Ақтөбеге Қарағанды облысынан мектеп оқушылары мен жетек­шілерден құрылған 67 адамның келуі осындай мақ­сатты көздейді, − деді Ақтөбе об­лыстық білім ба­с­қар­­­­­ма­сының басшысы Ляззат Оразбаева.

Қарағанды облыстық бі­лім басқармасының өкілі Әлі­бек Бисенбаевтің сөзіне сүйенсек, өткен шілде айында 60 ақтөбелік жасөспірім Сарыарқаның сары даласына туристік-экс­курсиялық сапармен барып қайтыпты. Жас­ қонақтарды қарсы алу және оларды өңірдегі киелі нысан­дар­мен таныс­тыру ке­зегі мен эстафетасы енді­гі кезекте ақтө­беліктерге келіп­ті. Атап өтерлік мәселе, 60 қа­рағандылық оқушы­­ның бас­ты құрамын арнайы­ мек­теп-интернаттардың тәрбие­ленушілері мен тұрмысы төмен аз қамтылған отбасылардың балалары құрайды.

Үш күннің ішінде экскур­сиялық бағыт бойын­ша жас­ қо­нақтар танысатын өңір ға­жайып­тары мол. Қа­рағандылық оқушылар ал­ғашқ­ы танысқан нысандардың бірі − облыс орталығында өткен жылы ашылған «Жекпе-жек сарайы». Мұнда спорттың жекпе-жек түрлері бойынша­ республика чемпионаты мен ха­лықаралық турнирлер өт­кі­зіліп келеді. Сондай-ақ сары­арқалық ұл-қыздар өңірлерде баламасы жоқ Шығармашылық академия ғимаратында өздерінің тұрғыластары шұғылданатын студияда болған кезде қызы­ғушылығын жасыра алмады. Ал «Жұбановтар әлемі» мұражай үйі өзінше бір әлем, өзінше бір сырлы дүние десе де болады. Қайталанбас таланттардан тұратын музыкалық  әулеттен өр­біген нағыз академиктердің өмір жолы мен қызметі әрі қа­зақ өнері мен мәдениетіне және ғылы­мына қосқан сүбелі үлес­і жас­өспірімдерге мол әсер қал­дырды.

Кеңес одағының екі дүркін батыры Талғат Бигелдинов атын­дағы әуе қорғанысы күштері әскери институтындағы әуе тех­­никасы музейі де еліміздегі айрықша нысандар қатарына кіреді. Бұл арада алған әсерін 11 жастағы қарағандылық жас қыран Кирилл Чикалов былайша білдірді.

– Ұшқыш отырған кабинаға кіріп, оның штурвалын көрген кезде мені айрықша сезім биледі. Оны қалай басқаруға болатынын тыңдаған сәтімде қиялым тағы да көкке өрлеп кетті. Осы кезде туған жер мен Отанымды кез келген уа­қыт­­та қорғауға әзір болуым керектігін терең түйсінгендей болдым.

Ал 13 жасар Мөлдір Есен­жол­ға шығыстың батыр қызы Әлия Молдағұлова мұра­жа­йы үл­кен әсер қалдырыпты. − Мер­гендікпен нысанаға дәл көздеу қасиеті ата-анамыздың қанымен беріле ме екен, жоқ әлде бұл үзбей жаттығудың нәтижесі ме, қайткенде де Әлия апама ұқсағым келеді. Майданнан жазылған хаттар мен әскери киімдер де кө­­ңілімді босатумен бірге, ерік-­жігерімді ұштағандай күй кеш­тім. Ақтөбе көрікті қа­ла екен. Маған мұндағы көр­некті орындардың бәрі де ұна­ды, − дейді батылдығы мен өжет­тігі көзінен көрініп тұрған қар­шадай қыз.

Өз кезегінде Қарағанды облы­сының жетекші өкілі Ха­мит Ибрагимов танымдық тұр­ғыдан  жан-жақты әрі терең ойлас­тырылған экскурсия бағ­дар­ламасы оқушылармен бірге ересектер үшін де аса тартымды болғанын айтып берді. Ақтөбе аймағындағы сакралды нысандардың, соның ішінде ХVII-XVIII ғасырлардан сыр аңғартатын Абат Байтақ және Қыз Әулие кесенелерімен және Қобыланды мен Есет батыр мемориалдық кешенімен танысу сәтінде үлкеніміз бар, кішіміз бар − бәріміз бірдей ғасырлар қойнауымен қауыш­қандай күй кештік. Өткенсіз бүгін жоқ. Өткен тарихымыз бен салт-дәстүр­лерімізді қастерлеу арқылы ғана өр­кениет көшіне бет түзей алатынымыз анық. Ақтөбе сапары бізге осы ақиқатты тағы бір дәлелдеп берді, деді ол одан әрі. Қобда топырағында және Алға ауданындағы «Күншуақ» сауықтыру лагерінде болған кезінде еліміздің орталығы мен батысындағы балғын жастар бір-бірімен етене жақындасып, емен-жарқын ой-пікір алмасып, спорт түрлерінен жолдастық кездесулер өткізді. Қалай дегенде де, балдырғандардың ойлау қабілеті мен дүние­та­ным шеңберінің өсуі экскур­сия­ның ең басты олжасы мен құн­дылығы болып қала бермек. Олар арайлы Ақтөбе ай­ма­ғынан елімізде осындай қызықты да тартымды экскурсиялар мен жорықтар жиірек бола түссе екен деген тілекпен тарқасты.

Темір Құсайын,

«Егемен Қазақстан»

Ақтөбе

Суретте: қарағандылық жас қырандарды қарсы алу сәтінен көрініс

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Бірегей гибридті операциялық зал

Технология • Бүгін, 09:21

Оқу мен оқымаудың арасы

Әдебиет • Бүгін, 09:16

Жамбыл ескерткіші жаңғырды

Аймақтар • Бүгін, 09:15

Өзбек еліндегі өнер мәуесі

Руханият • Бүгін, 09:13

Ерен тоғайын сақтау парызымыз

Қазақстан • Бүгін, 09:11

Түйткілі таусылмаған туризм

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Дениссіз өткен бір жыл

Спорт • Бүгін, 08:59

Қоқыс өңдейтін мекемеде болды

Аймақтар • Бүгін, 08:51

Даудың басы – Dragonfly

Әлем • Бүгін, 08:41

Атырау – Арыспен бірге

Аймақтар • Бүгін, 08:34

Сенім – мемлекеттің тірегі

Руханият • Бүгін, 08:31

Күтім болмаса, топырақ та тозады

Қазақстан • Бүгін, 08:25

Ерді сыйлар ел қайда?

Қоғам • Бүгін, 08:19

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • 20 Шілде, 2019

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар